Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

8 елді-мекен ауыз сумен қамтылады

c 15:19, 11/09/2018 c 1056

0:00 / 0:00

Жақын аралықта "Ақ бұлақ" бағдарламасымен аудан халқының 82 пайызын тіршілік көзімен қамту көзделіп отыр. Ал Қырқопа мен Қызылоба ауылдары келесі жылдың еншісіне қалмақ. Бүгінде Жаңақалалықтардың әл-ауқаты қалай? Бұл жөнінде аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин тілшілермен кездесуде баяндап берді.

Жаңақала ауданының бюджеті 5 млрд. 323 млн теңгені құрайды. Үстіміздегі жылдың 6 айында кәсіпкерлік субъектілері 2 млрд. 479 млн. теңгенің өнімін өндіріп, аудандық бюджетке кәсіпкерлік саласынан 49 млн. теңге салық төлемі түсіп отыр. Өткен есепті кезеңмен салыстырғанда мал басы өсіп, ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім 3 млрд. 362 млн. теңгені құраған. Ағымдағы жылы жас мамандарды ауданға тарту мақсатында 30 жас маманға 5 млн. теңгенің көтерме ақысы төленсе, 24 маманға тұрғын үй алу үшін 79 млн. теңге несие берілген. Бүгінде орталықтандырылған ауыз сумен аудан тұрғындарының 54,8 пайызы қамтылған, «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 8 елді-мекен таза ауыз сумен қамтылатын болады, бұл аудан халқының 82 пайызын құрайды. Енді алдағы жылы Қырқопа және Қызылоба ауылдарын аталған бағдарлама аясында таза ауыз су жеткізу жоспарлануда. Ұялы байланыс желісімен ауылдарды толықтай қамту бағытында жұмыстар атқарылуда. Биыл байланыс аясынан тыс болып келген Қырқопа ауылына beeline желісі орнатылған. Келесі кезекте Жаңажол ауылына да байланыс жеткізу жоспары бар. Сондай-ақ Пятимар, Көпжасар, Қырқопа ауылдарының кірме жолдарын жөндеу көзделіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.