Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа заңдар әзірленбек

c 18:26, 01/01/2020 c 662

0:00 / 0:00

2020 жылы 17 заң жобасын әзірлеу жұмысы тұр. Бұл жайында әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. Министр өтіп бара жатқан жылдағы заң қабылдау ахуалына тоқталды. Оның айтуныша, 2019 жылға арналған жоспарда 27 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделген болатын. Алайда әзірлеуші органдардың ұсыныстары негізінде жоспарға жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, онымен 32 заң жобасын әзірлеу көзделеді. Олардың барлығы Парламентке енгізілді. Оның ішінде үш заң жобасына мемлекет басшысы қол қойды. 29 заң жобасы Парламенттің қарауында.

Еліміздегі басты заң шығарушы орган-Парламент. Жылды қортындылаған Парламент палаталары биыл әлеуметтік-экономкиалық ахуалды дамытатын заңдар қабылдады. Өздеріңізге мәлім, 2019 жыл ел билігінде өзгерістер орын алды. Президент сайлауы өтіп, жаңа басшы сайланды. Әлеуметтік толқулар орын алып., үкіметке аяқ астынан шешімдер қабылдауға тура келді. Көпбалалы аналар талабы бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамаларына үлкен өзгерістер енгізілді. Жәрдемақылар көлемі артып, әлеуметтік төлемдер жасалуда. Сенаттың өзі өтіп бара жатқан жылы 83 заң жобасын қабылдады.

Заң шығару цехында мәжілісмендердің де еңбегі зор. Депутаттар үкіметтен келген жобаларды май шаммен қарап, өз ұсыныстарын да енгізуге тырысты.

Мәжілісмендер жаңа жылдық мерекеден соң, бірден аймақтарды аралауды бастайды. Спикер, бұл жолы шалғай ауылдарға барамыз деп отыр. Ал жаңа жылда парламенттің жұмысына жұмыс қосылары сөзсіз.Себебі  Үкімет 17 заң жобасын әзірлемекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.