Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа қаулы күшіне енді

c 17:29, 31/01/2022 c 669

0:00 / 0:00

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 28 қаңтардағы жаңа қаулысы шықты. Қаулы талаптарына сай жиналыс, конференцияларды дәстүрлі сипатта өткізуге рұқсат берілді.БжАҢА ҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мәлім еткендей, қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда карантин талаптарын сақтай отырып, жиналыс, кеңес, семинар, конференцияларды дәстүрлі сипатта өткізуге рұқсат берілді. Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6 сыныптар), оқушы саны 600-ден аспайтын білім ордаларында барлық балалар штаттық режимде оқиды. Оқушы саны 600-ден астам мектептерде жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемемен штаттық режимде сабақ өтеді. Мектептен тыс ұйымдар штаттық режимде жұмыс жасайды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері аралас оқыту форматымен білім алмақ. ЖОО-да карантин режимін бұзу анықталған жағдайда білім алушылардың барлығы қашықтан оқытуға көшіріледі. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және басқа орындарда адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға бұрынғыша тыйым салынады.Сонымен қатар ауру таралу көрсеткішін сипаттайтын матрица енді ауруханадағы науқастар толымдылығымен бағаланатын болды.Басқа да карантиндік шектеу шаралары сақталады. Қаулы 28 қаңтардан бастап күшіне енді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.