Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа экологиялық кодекс күшіне енді

c 18:14, 05/01/2021 c 894

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап, су жаңа экологиялық кодекс күшіне енді. Осы құжатқа орай, қоршаған ортаны қорғау, экология талаптарын сақтауды бақылау қатаңдатылды. Бұған дейін  эмиссия үшін түскен төлемдер табиғатты қорғау іс-шараларына толық жұмсалмайтын. Кей өңірлерде оның мөлшері 10 пайыздан аспайтын Енді жаңа кодексте экологиялық  төлемдердің 100 пайызын экологиялық шараларға жұмсау көзделген. Жаңа құжаттың артықшылығы жайында Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен өткен брифингте айтылды.

Көптен күткен жаңа экологиялық кодекс күшіне енді. Құжатта, орман-сулар, жан-жануарлар мен құстарды қорғау толық қамтылған. Ауасы әбден ластанған өңірлердің экологиясын жақсарту үшін ірі кәсіпорындарға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төленетін төлемдер 100 пайыз экологияны қорғауға жұмсалатын болды. Бұған дейін бұл төлемдердің 10 пайызы ғана өңірдің экологиясын жақсартуға бөлініп келген болатын. Сондай-ақ, атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластану проблемасын шешу үшін зауыттарда ең озық қолжетімді технологияларды енгізу міндеттеліп отыр. Себебі, ауаның ластануының 80 пайызы елдегі 50 ірі кәсіпорының шығындылары есебінен орын алуда.

Ауаның ластануына кері әсерін тигізіп отырған отынның бір түрі –көмірден бас тартуға Қазақстан әлі дайын емес. Жасыл экономикаға өту үшін тағы 30 жыл күтуге тура келеді.

Табиғат анаға  қатты тұрмыстық қалдықтардан келген зиян да орасан.

Бүгінгі күні еліміздің 3,2 мың полигонында  125 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Әзірге  қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 15 пайызды ғана құрап отыр. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш отыз пайыздан асады. Министр алдағы бес жылда бұл шаруаны да тындырамыз деген уәдесін берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.