Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа алаңға тұңғыш президенттің есімі берілді

c 19:29, 31/05/2018 c 902

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы жаңа алаңға Елбасы Н.Назарбаетың есімі берілді. Жаңа алаң енді Тұңғыш президент есімімен аталатын болады. Ал Оралдағы бесінші шағын ауданға белгілі ақын, талантты жазушы, дарабоз атанып кеткен жерлесіміз Қадыр Мырзалиевтың есімі берілді. Елдің елдігі мен ұлттығы білінетін мұндай ақжолтай жаңалықты бүгін облыстық маслихаттың кезекті отырсында хабарлады.

Оралдықтардың сүйікті мекеніне айналып үлгерген жаңа алаң үкіметтің қаулысына сәйкес тұңғыш президент есімін иеленді. Ал, соңғы жылдары облыс орталығында құрылыс қарқынының айқын көрсеткіші бола білген 5 шағын аудан дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлидің есімімен аталатын болды. Бұл туралы облыстық мәслиxаттың 17-ші сессиясында белгілі болды. Жиын барысында сөз алған тілдерді дамыту басқармасының басшысы халық қалауыларының назарына Ақжайық ауданына қарасты Первыймай ауылының Қабыршақты болып атауын өзгертуді және орыс тілінде Чингирлау ауданы деп жазылатын аудан атауын Шынғырлау ауданы деп бекіту туралы шешім қабылдады.

Облыстық мәслиxаттың 17 сессиясында сөз алған аймақ басшысы Елбасының тапсырмасынан кейін, көп жылдан бері көктемгі және күзгі мезгілде ауыл тұрғындарына қиындық тудыратын жол мәселесінің біртіндеп шешімін табатынын жеткізді. Биылғы жылы президенттің тапсырмасына сай, үкімет жол салуға жобалық сметалық құжатты жинақтау үшін қаржы бөлген. Бөкей Ордаға апаратын қалған 275 шақырым соқпақ жол 2019-2020 жылдары салынбақ.

Жиында сөз алған қаржы басқармасының басшысы, 2017 жылғы жұмсалған бюджет бойынша депуттаттарға есеп берді. 2017 жылы облыс бюджетіне 145 млрд теңгедей кіріс кірген. Мемлекеттен бөлінген қаражаттың 144 млрды жұмсалған.Бөлінген бюджет шығысының 20 млрдтайы білім беру саласына жұмсалса, 15 млрд теңге денсаулық сақтау саласында игерілген.

Сондай-ақ, мәслихаттың кезекті сессиясында 2000-2003 жылы облыс тізгінін ұстап, халық арасында ілтипатқа ие болған Қырымбек Көшірбаевқа және Ақ жайық өлкесінің тумасы, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасының парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова ханымға "Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсынысты депутаттар бірауыздан мақұлдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.