Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жайық Қолөнер" орталығы ашылды

c 17:24, 11/02/2022 c 557

0:00 / 0:00

Бүгін қаламызда «Жайық Қолөнер» орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты - ежелден үзілмей, ел ішінде сақталып келе жатырған қолөнер дәстүрін халық ішінде кеңінен насихаттау және осы кәсіпті қызметке айналдырғандарды бір арнаға тоғыстыру. Өңірдегі кәсіпкер әйелдер өткен жылдың күзінде БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың қабылдауында болып, шеберлерге арналған орталық қажет екенін тілге тиек еткен еді. Ата-баба дәстүрін дамыту және ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіруге мұрындық болар «Жайық Қолөнер» орталығының ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, он саусағынан өнер тамғандардың қызметіне сәттілік тіледі.40 орынға жоспарланған бұл орталықтың әзірге тек 20 орны жасақталған. Көрме үстелдеріне көздің жауын алар зергерлік әшекей, тері, ағаш, тоқыма және матадан жасалған күнделікті тұрмыста қолданытын, сұраныстағы бұйымдар қойылған. Алдағы уақытта олардың қатары әлі де толықтырылады,- дейді шеберлер.Айта кеткен жөн, орталықтағы әр орынның жалға алу құны 1000, 1500 теңге аралығында. Бұл мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдаудың тимді тетігі. Қолөнер орталығы арқылы қазақ халқының мәдениеті мен тарихы насихатталып қоймай, жұмыс орындары ашылып отыр. Алдағы уақытта бұл жерде оқыту курстары да ұйымдастырылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.