0:00 / 0:00
Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылында "Zelenov invest-2018" атты алғашқы инвестициялық форум өз жұмысын бастады. Бұл шараға аудан көлемінде тауар өндіру ісін қолға алған кәсіпкерлер мен Ақтөбе, Атырау, Ресей делегаттары қатысып жатыр.
Кеңестің мақсаты - " Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында ауылдық кәсіпкерліктерге бизнесін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Кәсіпкерлік саласын дөңгелентіп отырған Зеленовта 3300-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері тіркелген. Бүгінгі таңда олардың 94 пайызы белсенді жұмыс жасап жатыр. Ауданның әрбір бесінші тұрғыны осы бизнес нысандарында қызмет жасауда.
Инвесторлар мен кәсіпкерлердің басын қосқан форумда ауданның 25 тауар өндіруші өздерінің өнімдерін көрмеге қойды. Шараға қатысқан әрбір кәсіпкер мемлекеттің қолдауына ие болып отыр. Бизнес субьектілерінің баршасы бұл тапсырмас мүмкіндік екендігін жақсы біледі. Мәселен, Дариян ауылында шұжық өнімдерін жасаумен айналысатын кәсіпкер етпен ешқандай мәселе туындаған емес,- дейді. Өнімдеріне деген сұраныс күн санап артып келе жатқан көрінеді.
Дариян ауылында ұйымдастырылған шараға арнайы ат арылтып келген, Ақтөбе облысының делегаттары мұндай шарының маңыздылығын атап өтті. Ақтөбелік делегаттар қос ауданның экономикалық әлеуетін арттыру үшін қоян қолтық жұмыс жасауға дайын екендіктерін де жеткізді.
"Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасының аясында аудан көлемінде өткен жылы 109 инвестициялық жоба қолға алынған. Биылғы жылы 173,1 млн теңгені құрайтын жобалар жүзеге асып келеді.