Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы  салымын емге жұмсау ережесі бекітілді

c 18:50, 19/02/2021 c 523

0:00 / 0:00

Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін емге жұмсау мәселесі енді шешіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдаланудың қағидаларын бекітті. Бұл жайында министрлік өкілі Гүлнәр Сәрсенбаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында айтты. Айта кетейік, мәжіліс депутаттары құзырлы министрлік Президенттің тапсырмасын толыққанды орындамай отыр деп сынағанды. Қазақстандықтар екі ай бойы зейнетақы салымын емге жұмсау ережесін күтуде.  Баспана жағдайын жақсарту мәселесі шешілгенімен, емге және қаржылық басқарушы компанияға беру мәселесі енді қолға алынуда.

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға  алып жатыр. Алайда, әу баста бұл қаражатты емге жұмсау мәселесі тұралап отыр. Екі айға жуықтады, денсаулық сақтау министрлігі  медициналық мақсатқа жұмсау ережесін әлі енгізген  жоқ. Еске сала кетейік, жақында ғана мәжіліс депутат Аманжан Жамалов аталмыш министрлікті осы әрекеті үшін сынаған болатын. Министрлік өкілі Сәрсенбаева зейнетақы қаражатын пайдалану қағидатын енді бекіттік деп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы салымдарын Қазақстан аумағында тіс емдетуге, пластикалық хирургияға, туа бітті ақауларды емдеуге жұмсауға, көзге ота жасатуға болатынын хабарлайды. Сондай-ақ,зейнетақы ақшасын  сирек кездесетін аурулар бойынша шетелдік клиникаларда ем алу үшін пайдалануға болады.Алайда, жасанды ұрықтандыру бұл қағидаға кірмей қалды.

Гүлнәр Сәрсенбаева –ҚР ДСМ департамент директорының оырнбасары «Жасанды ұрықтандыруды оыс тізімге бекіту туралы көп ұсыныс айтылды. Өздеріңіз білесіздер, быилдан бастап бізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған қоса жыл сайын квота бөлінеді. Егер бұған сұраныс артса, эко жасатуды болашақты қосамыз деп ойлаймын».

Зейнетақы салымдарын емделуге пайдалану жергілікті тіркелген медициналық ұйым дәрігерінің анықтамасы негізінде жүзеге асырылады. Дәрігерлік комиссия азамат жүгінген бес күннен кешіктірмей тізілімге сәйкес рұқсат немесе одан бас тарту жөніндегі ақпарат беруі тиіс. Бұл мәселе екі күннің ішінде шешілуі тиіс. Сондай-ақ,  салымшы өз қаражатын жақын туыстарының емі үшін пайдалана алады.

Ләззат Ибрагимова – «Отбасы Банк» ақ басқарма төрайымы «Иә, жақын тусытарына беруге рұқсат бар. Ата-әжесі, немересіне, бауырының еміне аудара алады.»

Отбасы банкі зейнетақы салымын емге жұмсау ережесі бойынша портал 25 ақпан күні іске қосылатынын хабарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.