Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы бұйыра ма?

c 20:50, 08/01/2020 c 743

0:00 / 0:00

Ай сайынғы жалақысының 10 пайызын бөліп, кәрілігін қамтып отырған қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жинағы бұйыра ма? Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың пікірінше, қазақстандықтар 100 дейін өмір сүреді, орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас екен. Ал ел Президенті берген тапсырма бойынша, қордағы жинақтың бір бөлігін баспана алуға жұмсау мәселесі әзірге шешілген жоқ дейді Сапарбаев.Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

20 жылдан астам уақыт бойы зейнетақы қорына жиналып жатқан қазақстандықтардың ақшасына қатысты сауал көп. Ай сайынғы жалақысының 10 пайызын бөліп, кәрілігін қамтып отырған қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жинағы бұйыра ма? Әр азамат қартайған шағында  бейнетпен келген зейнеттің рақатын көруді армандайды. Со үшін үкіметке сеніп, қорға жинағын жинап жатыр. Бізде ерлер үшін зейнетақы қорындағы жеткілікті мөлшер - 10 миллион теңге, ал әйелдер үшін - 12 миллион теңге.  Еңбек министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуныша,  егер БЖЗҚ салымшысының 12 миллион теңгеден аса қаражаты болса, мысалы, 13 миллион теңге, онда оған бір миллион теңгені алуына рұқсат беріледі. Ол кезде зейнет жасына жеткені не жетпегені қаралмайды.Сондай-ақ,  Қазақстандықтар, зейнетақы жинақтарын емдеуге жұмсай алады.  Алайда, статистикаға сүйенсек, салымшылардың жартысында жиналған ақша 1 млн теңгеден аспайды. Сөйте тұра, вице-премьер қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жас, және одан әрі тағы 20 жыл өмірінде қордағы жинағына күн көреді деп сендіреді. Алайда, Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 152 орында тұр. ТМД елдері ішінде де соңғы орындамыз.

Берідбек Сапарбаев –ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Бүгінгі күні қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73 жас. Одан әрі 19-25 жыл өмір сүреді. Зейнетақы қорындағы әр қазақстандыққа осы сома жеткілікті ме, жоқ па? Бүгінде салымшылардың жинағының жартысы 1 млн теңгеден аспайды. 102 мың салымшыда 10 млннан 12 млн етңгеге дейін жинағы бар»

Осылайша қордағы тиындап жинағын қаражаттың кәрілікті қамтуға жететіні сұрақ тудырады?

Берідбек Сапарбаев –ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Бізде зейнетақы қоры құрылғанына 21 жыл болды. Ал Сингапур мен еуропа елдерінде 60 жыл болды. Олардың кірісі де әлдеқайда жоғары бізден»

Тағы да сол, біз әлі дамып жатырмыз, дамып кеткен елдермен салыстырмаңыз деген сылтау. 20 жылда бұл жүйені оңтайландырып, халықтың жинағын оңды-солды қылмай атқарғанда бүгінде зейнеткерлік  үшін ойланбас едік. Қазақстандықтар қолда бар жинағын қажетіне жұмсағысы келетіні сөзсіз. 2019 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсауға беру   туралы тапсырманы жүктеген болатын. 4 ай болды Ұлттық банк пен үкімет тиімді шешім қабылдай алмай отыр. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл мәселе президент әкімшілігінде қаралып жатыр. Әзірге нақты шешім жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.