Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы бұйыра ма?

c 20:34, 29/01/2020 c 615

0:00 / 0:00

Зейнетақы қорында жинап жатқан жарнаның бір бөлігін   баспана алуға  жұмсау. Еңбек министрлігі қазір осы мәселені пысықтап жатыр. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын. Онда зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болатыны айтылғанды. Әзірге бұл шаруаның бір шеті шыға қойған жоқ. Еңбек министрлігінің мәліментінше, зейнетақы қорындағы қаржыға 11 млн теңге жарна жинағандар ғана қол жеткізе алады. Бұл мәселе, бүгін Парламент Сенатында өткен жияныда талқыланды.

Онсыз да болашағы бұлыңғыр зейнетақы қорында жинап жатқан ақшасын ең болмаса баспана мен білімге жұмсауға үміттеніп отырған қазақстандықтардың көңілі басылып қалды. Себебі, еңбек минситрлігі, қордағы ақшаны  тек 11 млн теңге жинағы барлар ғана ала алды деп мәлімдеді. Ал бүгінде салымшылардың басым бөлігінде  мұндай қаражат жиналмаған.  Стратегиялық бастама орталығы бұл мәселені шешу үшін Сингапурдің тәжірибесін енгізуді ұсынады. Алайда, еңбек министрі бұл оңай шаруа емес деп шырылдады.

Зейнетақы демекші, ауылды жерлерде жұмыссыздықтың кесірінен, зейнетақысыз қалатындар көп. Сенаторлар, ауыл халқының кәрілігін қалай қамтимыз деп алаңдаулы.

Осылайша жұмыссыздың көп екенін мойындаған министрдің сөзінен түсінгеніміз, Президенттің тапсырмасына қатысты әлі нақты шешім шықпаған. Жылдар бойы жинаған қордағы ақшасы күйіп кетпей тұрғанда, ең болмаса баспананың бастапқы жарнасына, не баласының оқуына жұмсайын деп үміттенген қазақстандықтардың арманы орындала ма?...Сұрақ әзірге жауапсыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.