Кеше, Шаған-Набережный 78/1 мекен-жайында орналасқан "Хуторок" мейрамханасы өртке оранды. Қызыл жалын мейрамхананың шатыры мен қосалқы жалғас ғимаратында орын алған. Өрт 200 шаршы метрге зиянын тигізіп үлгерген. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 7 бірлік техника мен 26 маман жұмылдырылған. Мейрамханада орын алған өрттің салдарына бір адам жапа шегіпті. Биылғы жылы облыс аумағында 280-нен астам өрт оқиғасы орын алып үлгерген. Тілсіз жаудан келген шығын 5 млн 500 мың теңгеден асып жығылады.