Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАҒАН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БАР

c 18:28, 01/07/2021 c 858

0:00 / 0:00

Коронавирусқа қарсы екпе алған жандардың қатарын арттыру үшін әкімдік, министрлік түрлі маркетингтік шараларды қолдана бастады. Бірі вакцина алған жандардың арасында пәтер ойнатса, енді бірі көлік пен ақшалай сыйлық, телефон мен түрлі техниканы ұтысқа тігеміз деп жанталасып жатыр. Жақында Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов те студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцина салуда ынталандыру шараларын қолдану керек деп тапсырма жүктеген-ді. Бүгінде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті екпе салғандарға жеңілдік жариялап отыр. Білім ордасы "Мен өмірді таңдаймын" атты акция жариялады. Осы акция 1-шілдемен 31-тамыз аралығында ұйымдастырылмақ. Коронавирусқа қарсы екпе алған 120 студент пен 50 оқытушыға арнайы сый дайындалыпты. Ақылы бөлімде оқитын немесе оқуға тапсырған талапкерлерге 5 пайыз жеңілдік, педагогтарға 30 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді. Және студенттерге Нұр-Сұлтан, Түркістан қалаларына саяхат, фитнес-клубтың абонементі берілмек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.