Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вакцина алуға келген адамды қуып шықты

c 17:44, 19/05/2021 c 656

0:00 / 0:00

БҚО-да коронавирусқа қарсы вакцина тапшылығы жоқ. Әлеуметтік желілерде жарыса жазған мәліметтер шындыққа жанаспайды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мамандары мәлімдеді. Бұл Оралдағы №3 қалалық емханада осыдан екі күн бұрын болған оқиға. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай тұрғындар вакцинаның екінші компонентін сұрап, емхана директорына шағымдануда. Ал дәрігер болса «Спутник v» препаратының жоқ екенін түсіндіріп жатыр. Осы орайда сала мамандары екпенің бір тәулікке қана кешігіп жеткізілгенін хабарлады. Яғни, 18-ші мамыр күні таңда өңірге 6860 дана ресейлік препараттың екінші дозасы әкелінген. Шағымданған отбасы 22 күннен кейін коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін қабылдапты. Қазір емханада шақырту бойынша медициналық көмек көрсетілуде. Айта кететін бір жағдай- екпе алуға ниет танытқандар қатары қалың. Дәрігерлер тіркеуде тұрған халықтың 50 пайызы күз айларына дейін толықтай вакцина алады дейді.Қазір вакцинаның үш түрі де бар. Таңдау өз еркіңізде. Еліміз бойынша бүгінге дейін 1 млн. 898 604 адам ауруға қарсы екпе салдырса, оның 63 534-і өңір тұрғынадары екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.