Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

УТИЛЬАЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШОУ МА, ДАУ МА?

c 16:50, 14/06 c 7

0:00 / 0:00

Петиция заңының талабы бойынша, 50 мың адам қол жинағаннан кейін өтініш қаралады. Утильалымды алып тасатуды талап етіп отырған бастамашы топтың мәселесі өткен аптада өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қаралмай қалды. Себебі, жоспарланған жұмыс тобына бастамашы топ қатыспай қойды. Министрліктің мәліметінше, жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс болатын. Оның құрамына Парламент депутаттары, құзырлы министрліктердің өкілдері және петиция жариялаған бастамашы топ қатысуы керектін. Алайда, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимараты – стратегиялық нысан болғандықтан, оған келушілер ұялы телефондарын өзімен бірге алып кіре алмайды. Алайда, өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев және оның өкілдері мұнымен келіспеді. Олар елу мың адам қол қойған өтінішті бәрі көруі керек дейді.

Осылайша жұмыс тобының отырысы өтпей қалды. Сенат дәлізінде журналистердің осы әмселег қатысты сұрағына жауап берген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастамашы топқа шоу емес, диалог маңызды болуы керек деді.

Осылайша утильалымды алып тастауды талап етушілердің әрекетін «шоу» деп бағалаған министр Шарлапаев алдағы жұмыс тобының отырысын өткізіп, бейнетүсірілім жасап, монтаждамай толық жариялаймыз деп ант-су ішті.

Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін утильалымға қатысты шу болған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттің қызы Әлия Назарбаевға тиесілі болған «Оператор РОП» компаниясының утильалым жинауын тоқтатуды тапсырғанды. Елде орын алған наразылық шараларынан соң утильалым көлемі 50 пайызға төмендеді. Бірақ соның өзінде оның көлемі тұтынушының қалтасын салмақ түсіріп отыр. Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың айтуныша, утильалымнан олигархтар мен саяси элита пайда көріп отыр. Оның тізімінде бұрынғы үкімет мүшелері мен қазіргі вице - премьер Роман Скляр, автокөлік бизнесін тізгіндеген Нұрлан Смағұлов және экс- президенттің қызы Әлия Назарбаева бар. Ал аталған петицияны жариялап отырған топ министр Қанат Шарлапаев пен вице-премьер Роман Склярдың отставкасын талап еткен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.