Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үнсіз митинг

c 11:16, 09/06/2020 c 524

0:00 / 0:00

Елордалық аналар үнсіз митингке шықты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына жиналған аналар медициналық бетперде киіп, оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салып алған. Көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналардың талабы бір емес, бірнеше. 15 шақты әйел қолдарындағы плакаттарына   өз талаптарын жазған. Бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру,  вакцинаға қарсылық білдірген наразы ойларын көрсеткен.  Арасында талаптары орындалғанша  "Аштық жариялаймыз!" деген плакат та бар.

Әйелдердің бұл жолғы наразылық акциясы өзгеше өтті. Астаналық көпбалалы аналар, мүгедек баласы барлар, жалғызбасты  аналардан құралған  15 шақты әйел әдеттегідей дауыс көтеріп, талап қойған жоқ. Наразылық шеруі үнсіз өтіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  кіре берісін жауып тастаған аналар, медициналық бетперде киіп , оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салып алған. Қолдарындағы плакаттарында бірнеше талапты жазған.  Бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, «Бақытты отбасы» бағдарламасы  бойынша 2 пайыздық ипотеканы кезексіз беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру,  вакцинаға қарсылық білдірген наразы ойларын көрсеткен.  Арасында талаптары орындалғанша  "Аштық жариялаймыз!" деген плакат та бар. Ал әкімдік өкілдері үнсіз отырған аналардың бұл әрекеті заңсыз дейді.

Көпбалалы аналарға үкіметтік емес ұйымдар да шығып, кеңестерін ұсынып әлек болды.

Не керек,  шенеуніктер қанша жалынып, жалбарынғанымен аналарды  отырған жерінен  қозғалта алмады. Әкімнің кеңесшісі аналарға «қыздар» деп қиылып көріп еді.

Бұған дейін талай рет алаңға шығып, құзырлы органдарға арыз-шағымын айтып, табалдырығын тоздырып шаршаған аналар енді аштық жариялап, үнсіз пикетте отыра бермекші. Әкімдіктің дерегінше, қазір Нұр-Сұлтанда үй кезегінде 46 мыңнан астам адам тұр. Ал бұған дейін де хабарланғандай, тегін емес "Бақытты отбасы" бойынша 2 пайыздық  ипотекаға үй алуға жолдама сұраған 2 600 адамның өтініш тұр. Биыл оның  тек  414-і жолдама алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.