Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР МАСЫЛ БОЛМАУЫ КЕРЕК

c 10:53, 18/06 c 9

0:00 / 0:00

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан экономикасындағы квазимемлекеттік сектордың үлесі 60 пайызды құрап отыр. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 15 пайыздан аспайды. Бүгінде не көп ұлттық компания көп. Бірақ олардың қазынадан қаржы сорып жатқанынан басқа, елге пайда әкеліп жатқаны туралы аз естейсің. Қаржатты тимсіз жұмсау, жемқорлық фактілері де жоқ емес. Аты айғайлап тұрған Самұрық-Қазына қорында трасформация жасап жатырмыз, оңтайландыру жүріп жатыр деп көп айтылады, алайда жағдай нашарлап барады. Квазимемлекеттік сектор елдегі өтімділіктің ең көп шоғырлануына ие, ол Қазақстан Президентінің тапсырмаларын елемейді және корпоративтік қарыздарды көбейтеді, бұл сайып келгенде мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорға ауыртпалық түсіреді дейді депутат Сайыров.

ЕРЛАН САЙЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Республикалық бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2023 жылы 1,2 триллион теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Оның ішінде 403 млрд теңгеден астам бюджеттік қаржыландыру көлемі «Бәйтерек» қорына тиесілі болды. Бұл үштен бірі, яғни квазимемлекеттік секторға бүкіл бюджеттік ақшаның құйылуының 34 пайызы».

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттің қатысуын арттырған кезде де бірқатар кәсіпорындар тиімсіз болып, жабылды. Көп жағдайда жүктеме аз болды, жобалық қуаттың 30% -нан аспады. Бұл квазимемлекеттік сектордың жауапты қорлары, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ тарапынан сапасыз, жалған талдау жасалып, жалған жоспар жасалғанын көрсетеді. «Бәйтерек» қоры 1,6 трлн теңгені ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен болашақ ұрпақтың зейнетақы жинақтарынан алды. Бұл мысалдар жоғары аудиторлық Палатаның мәліметтерінде бар. Сонымен қатар, бұл фактілер Үкімет тарапынан бақылаудың болмағанын дәлелдейді дейді депутат.

ЕРЛАН САЙЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Қазақстанда квазимемлекеттік секторға құйылатын бюджеттің қызығын тек шенеуніктер мен топ-менеджерлер көріп. Ұлттық компаниялар мемлекеттік бюджет пен зейнетақы қорына масыл болмауы керек деп санаймыз».

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан экономикасында проблема көп, ал оларды шешу үшін мүлде жаңа көзқарасты қажет. Ұлттық қор бұған дейін «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «Қазагро» компанияларының облигацияларын сатып алған. Дәл ұлттық холдингтерді өте төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелеу жүргізілгендіктен билік Ұлттық қордың тексерілген есептерін жариялағысы келмеуі де мүмкін. Ал аудиторлық палата соңғы он жылда квазимемлекеттік секторға 34 миллиард доллардан астам қаражат бөлінді деп мәлімдеп отыр. Сондықтан да болар, көптеген ұлттық компаниялардың кәсіпорынды жаңғыртуға қызығушылық танытпайды, өйткені олар үнемі бюджеттен қаржы тартып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.