Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түзету мекемесі емдеу мекемесіне айналуы мүмкін

c 17:20, 18/03/2021 c 722

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы құрылысы аяқталмаған түзету мекемесі кардиологиялық ауруханаға айналуы мүмкін. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді. Ал кардиологиялық орталық дәрігерлері болса емдеу нысанының тарлығы сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермей отырғанын айтады.2003 жылы жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын емдеуге арналған орталық пайдалануға берілгенде емдеу-сауықтыру орны ретінде қарастырылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар саны уақыт өткен сайын жасарып, медициналық көмекке жүгінушілер қатары артып келеді. Әсіресе, күз және қыс айларында бір күнде ауруханаға түсетіндердің саны 60-тан асып, палатаға сыймағандарға дәлізде көмек көрсетілетін кездер жиі болады.  Қазірдің өзінде науқастар саны көп болуына байланысты нысанның әкімшілік бөлімі аурухананың алдындағы Еуразия туристік орталығының бір корпусына орналастырылған. Мұның өзі де мәселені түбегейлі шеше алмайды. Сол себепті аймақ басшысы жуырда денсаулық сақтау басқармасының мамандарына тапсырма берген болатын. Яғни, облыс орталығындағы сақалды құрылысқа айналған бос ғимараттарды ауруханаға айналдыру жәйі сөз болды. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын бой көтерген жаңа Ақжайық ауданындағы түзету мекемесі құрылысында жіберілген кемшіліктердің салдарынан қаңырап бос тұр. Әкімнің тапсырмасына сай алдағы уақытта бұл нысан қайтадан жаңғыртылып, кардиологиялық орталыққа айналуы мүмкін. Қазір бұл бағытта әлі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бір жылда кардиологиялық орталық шамамен 6000-нан аса адамға көмек көрсетеді. Ал қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жағдайлары күрт нашарлаған науқастарға алдыңғы кезекте ем-дом жасау үшін 30-ға жуық кереует бөлек дайындалыпты. Ақ халаттылар болса, емдеу-сауықтыру орнындағы талаптар ауруханадағыдай болмайды дейді.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.