Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтенше жағдай

c 19:45, 16/03/2020 c 814

0:00 / 0:00

Қазақстанда бүгіннен бастап Төтенше жағдай жарияланды. Билік әлемді жалмаған қауіпті індеттен қорғану мақсатында наурыздың 16-нан сәйуірдің 15-не дейін елде төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты  азаматтардың елге кіру және шығуы шектелді. Ірі сауда ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, фитнес орталықтар, бар, түнгі клубтар мен моншалар жұмысын тоқтатты. Азық-түлік сататын супермаркеттер мен базарлар, дүкендер жұмыс істей береді. Мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап каникулға шықты. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жолдап, төтенше ажғдайда қолға алынатын шараларды мәлімдеді. Президент коронавирус туралы жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендер жазаланатынын айтты. Сондай-ақ,Тоқаев 30 күнге жарияланған төтенше жағдай қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін екенін айтты.

Дәрігерлерге құлақ ассаңыз бұл тұмаудың бір түрі. Дегенмен медицина коронавируспен күресетін дәрі  таба алмай отыр. Сол себепті. Бұл індет үш айдың ішінде әлемнің жүздеген еліне тарап үлгерді. Қазақстанға жеткен қауіпті індет жұқтырған 9 адам қазір карантинде жатыр. Оның жетеуі Алматы қаласында, қалған екеуі Нұр-Сұлтанда.Вирус жұқтырғандардың арасында он екі жасар бала бар. Коронавирус жұқтырған тоғыздың бәрі шетелден келген отандастарымыз. Елге жеткен қауіпті індет 30 күнге төтенше жағдай жариялауға әкеп соқты. Президент Тоқаев өз үндеуінде коронавирус туралы елді дріктіретін жалға ақпарат таратқандар жазаланады деді. Мемлекет басшысы барлық қажетті азық-түлік те, дәрі-дәрмек те бар деп басу айтты.
ТЖ барысында ірі сауда ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, фитнес орталықтар, бар, түнгі клубтар мен моншалар жұмысын тоқтатты. Осылайша қауіпті індеттің кесірінен бизнестің жұмысы тұралап, шығынға бататын болды. Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеуіншеҚазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті. Сондықтан кәсіпкерлікті қоладу назардан тыс қаламйды деді.

Төтенше жағдай барысында көптеген еуропа елдерінде несиеге демалыс беріп жатыр. Қазақстанда мұндай шешім қабылдануы мүмкін бе? Себебі, бизнестің банк алдындағы несиесі бар. Жекелеген азаматтар ақысыз демалысқа кетіп жатса несиесін, ипотекасын төлей алмай қалуы мүмкін.

ТЖ Парламент Мәжілісне де жетіпті. Ғимараттың әр бұрышында антисептик орнатылған. Депутаттар  мен ауыл шаруашылық министрі болса  дәріханада тапшы болып жатқан бетперделерін тағып келіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.