Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Суицид өршіп тұр

c 20:56, 05/06/2020 c 800

0:00 / 0:00

Елде карантин барысында балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау дерегі өршіп кетті. Ағымдағы жылдың төрт айында республика бойынша суицид жасауға талпынған 114 оқиға, өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасқан 46 жағдай тіркелді. Артур Платонов бастаған депутаттық топ Үкіметтен бұл проблемаға назар аударуды талап етті. Мәжіліс депутаттары жолдаған сауалда суицидтің алдын-алу шараларын енгізу айтылды.

Дүниежүзілік  Денсаулық сақтау ұйымының дерегі көңіл қоншытпайды. Өкінішке орай суицид бойынша Қазақстан әлемде үшінші орында тұр. Өрімдей жастардың қас-қағым сәтте өмірімен қоштаса салуына не себеп? Бұл сұрақты зерттеп, суицидтің алдын алу шараларын енгізіп жатқан ешкім жоқ. Ал адамдар басына түскен қиындыққа шыдамай өз-өзіне қол салады. Бірі қаржылай тапшылыққа тап болса, енді бірі жалғыздықтан осы қадамға барады деген тұжырымдар бар. Көп жағдайда депрессияға түсіп кеткендер суицид жасайды. Мәжіліс депутаты Артур Платонов 2017-2019 жылдардағы көрсеткішке үңілсек, ел ішінде балалар арасында суицидтің кең таралған дейді.

Артур Платонов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Карантин барысында кәмелет жасқа толмағандар арасында суицид дерегі көп тіркелді. Өткен төрт ай ішінде балалар арасында суицид жасауға талпынған 114 оқиға, өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасқан 46 жағдай тіркелді. Түркістан, Шығыс-Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары көш бастап тұр».

Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ондаған елде көрсеткіш жоғары. Қазақстан көп жылдар бойы осы тізімінен түспей отыр. Суицидтің өршуі күз бен көктем айларында орын алады. Психологтар болса, балалар арасында бұл індеттің таралуы жалғыздықтан немесе қатарластары тарапынан жапа шеккендіктен орын алады дейдә. Ата-аналар тарапынан баланың күйзелістегі күйі назардан тыс қалып жатады.

Артур Платонов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Ата-аналар көп жағдайда балаларының суицид жасауға талпынғанын жасырып қалады. Мамандарға апарып, баламен психологиялық әңгіме жүргізбейді. Олар балам психологқа тіркелсе әскери, полицей оқуына түсе алмайды. Болашақта оқу оқуына, жұмысқа тұруына  кедергі болады деп санайды.»

Ал жасөспірімдерге арналған секциялар, спорт кешендері бәрі ақылы. Қалтасы көтерген ата-ана баласының бос уақытын қамти алады. Ал жағдайы жоқ отбасының балалары бәрінен құр қалуда. Балаларға арналған секциялардың құны да шарықтап кеткен. Спорт секцияларына кем дегенде айына 20-30 мың төлейсің. Әрине оқушылар сарайында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының баларына тегін ұйымдастырылған. Алайда, орын жетпей жатады. Ауыл балаларында мұның бірі жоқ. Ал балалар омбудсмені Аружан Саин жалпы балаларға арналған секциялар мен дамыту орталықтары тегін болуы тиіс деп санайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.