Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Суицид өршіп тұр

c 19:59, 19/12/2019 c 859

0:00 / 0:00

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткіші бойныша әлемде 7-і орында тұр. Бұл өкінішті көрсеткішті жою үшін мемлекет тарапынна қандай шара қолданылып жатыр. Бүгін журналистермен баспасөз маслихатын өткізген білім және ғылым министрі мектептерде білікті психолгтар жетіспейтінін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған мәлімет көңіл көншітпейді. Әлемде жыл сайын 55 миллион бала қорлық көреді екен. Оның 44 миллионына түрлі сипатта күш күрсетілсе, 18 миллионы сексуалдық зорлықтан зардап шегеді. Өкінішке орай, бұл қасірет біздің елді де айналып өтпеді. Қазақстан жеткіншектер арасында орын алған суцид көрсеткіші бойынша 7-і орында тұр. Елорданың 15 мектебінде алтыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салып, өмірімен қоштасты. Спортпен шұғылданатын, оқу үлгерімі жақсы баланың бұл қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз. Жеткіншек үйінде өзінің бөлмесінде киманоның белбеуіне асылып, көз жұмған.

Асхат Аймағамбетов – ҚР білім және ғылым министрі; «Өкінішке орай, күн сайын жаңалықтардан осындай келеңсіз хабар естіп жатамыз. Өз-өзіне қол салу оқиғалары көп. Суицид проблемасы бар. Әрине суицид көрсеткіші төмендеді. Бірақ бұл орайда оның көрсеткішін айтудың өзі орынсыз»

Өскелең ұрпақтың мұндай қадамға баруына не себеп? Психологтар кішкентайынан жәбір көріп, психикалық зақым алған бала суицидке ұзақ уақыт дайындалатынын айтады. Соңғы жылдары әлем бойынша суицидтің айтарлықтай жасарғанын мамандар растап отыр. Өкінішке қарай, статистика өте қорқынышты. Жыл басынан бері елімізде 5 және 17 жас аралығындағы 134-тен астам жас өспірім суицид жасаса,  мектеп жасындағы 300-ге жуық  бала суицид жасауға талпынған. Министр, мектептерде білікті психологтар тапшы екенін айтады.

Асхат Аймағамбетов - ҚР білім және ғылым министрі; «Бүгінде, өкінішке орай білікті психолог тапшы.Олар психологиялық әдістемелік қолдауға зәру ».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.