Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДАН КЕЛГЕН ҚАУІП

c 09:52, 20/06 c 9

0:00 / 0:00

Балалардың су каналдарында қаза табу жағдайы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көп тіркеледі. Өткен аптада Астанада Есілді жүзіп өтемін деп жасөспірім қаза тапты. Үкіметте талқыланған мәселенің бірі- су аймақтарындағы қауіпсіздік шарасын қамту болды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап
45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті. Тек ағымдағы жылы 20 бала қаза тапқан.

Премьер-министр каналар мен арықтардың көпшілігінде қоршаулар жоқ. Соның салдарынан балалар зардап шегіп жатыр дейді. Осыған байланысты әкімдерге каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Қауіпсіздік шарасын қамту мақсатында су айдындарында бейнебақылау камералары қойылып жатыр.

Қазіргі таңда су айдындарында төтенше жағдай министрлігінің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылыстары аяқталмақ. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз, – дейді министр Әрінов. Сондай-ақ,жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар қоюды жоспарлап отыр. Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеу жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Үкімет отырысында мәлім болғандай, республикадағы су айдындарында суға кеткен адамдар саны азаймай тұр. Жылына шамамен 200-300 адам адам суға кетеді, оның 100-і – бала.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.