Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДА ҚАЛҒАН ҮЙДІҢ ҚҰНЫ

c 09:47, 20/05 c 63

0:00 / 0:00

Атырау облысындағы Құлсары қаласының тасқын судан зардап шеккен тұрғындары суда қалға үйлерінің құныны өтеп алуға қатысты өз ұсыныстарын алға тартты. Тұрғындар бұл жаңа шағын аудан болғандықтан үйлердің бәрі жаңадан салынған, кейбіреуі енді бой көтерген үйлерінде тұрып та үлгермедік деп отыр. Енді оларға тағы да үй салу керек. Құлсарылықтар баспанға берілетін өтемақыны қолымызға берсін немесе жеке есеп шотымызға салсын деп отыр. Сондай-ақ әр шаршы метріне 400 мвң теңге сұрап отыр. Сенаторлар да халықтың бұл талабынан хабардармыз дейді. Атыраулық депутаттар сол өңірде жерасты байлығын пайдаланып жатқан ірі компаниялар су тасқынынан зардап шеккен халықтың баспана мәселесін шешуге көмектесуі тиіс дейді.

Сенаторлар бұл жағдайда ірі бизнесті тарта отырып, тиісті көмектер жасалып, жергілікті әкімдік пен халық ортақ шешімге келуі керек дейді.

Құлсары қаласында 2900 астам үй суға кетті. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2 700-ге жуық үйге техникалық тексеру жүргізілді. 100-ден астам үйге қатысты техникалық қорытынды шығарылды. Тасқын су басқан үйлерді күрделі жөндеуге қажет және авариялық жағдайдағы үйлерді бағалауға байланысты қаржы нарықтық құны негізінде есептеледі. Сондай-ақ, тасқын судан зардап шеккендерге бір реттік өтемақы беріліп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.