0:00 / 0:00
Аулы халқын ауыз сумен қамту мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей отыр. Үкімет алдағы бес жылда бұл мәселе жабылады деп сендіреді. 2025 жылға қарай қазақстандықтар 100 пайыз ауыз суға қол жеткізеді. Еліміздің премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің оналйн отырысында осылай деді. Үкімет басшысының айтуынша, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ті құрайды.
Ел халқын ауыз сумен қамту үшін, бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қабылданған болатын.Әсіресе ауылдықтар сапалы ауыз суына зәру. Сумен қамту мәселесі әлі күнге дейін үкіметтің күн тәртібінен түспей отыр. Млрдттап бөлінген қаражат көздеген жеріне дұрыс жетпей, жолда жоғалып жататын жемқорлық деректері де орын алады. Дегенмен Мамин үкіметі бұл проблемаға алдағы бес жылда нүкте қоямыз деп сендіреді. Бүгінгі күні елде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 90 ауылдық елді мекен бар. Экология министрлігі оыс ауылдарға су құбырын тартамыз деп отыр. Алдағы бес жылда 11 топтық су құбырлары қайта жаңартылып, жөнделмек. Бұған 133 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспары бар.
Сөйтіп, 2025 жылға дейін қазақстандықтар 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ.Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты. Жоспар бар, ақша бөлініп жатыр. Енді оның уақытылы, дұрыс орындалуы үшін әкімдер ауыз сумен қамтудың инфрақұрылымын кешіктірмей қамтуы тиіс.
Сондай-қ, премьер-министр құзырлы органдарға халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді тапсырды.Яғни ауылға сапалы суды тартып беріп, бағасын шарықтатып алмайық.