Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУДА

c 00:55, 12/04 c 64

0:00 / 0:00

Елде судың беті әлі қайтпады. Енді Ақмола облысының Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қарғын су бірнеше көше мен мектепті басты. Осымен 11 аймақта тасқын сумен күрес жүріп жатыр. Жалпы көктемнің әлегі- су тасқыны басталғалы 100 мыңға жуық адам эвуакуацияланды. 5 мың 700-ден астам мал қырылды. Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура су тасқынына байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Су тасқынына бөлінген қаражат бақылауға алынбақ. Ал Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның үш облысында ірі көлемдегі су тасқынына байланысты тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлап отыр. Селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Атап айтқанда, Алматыда алдын ала келтірілген шығын көлемі 775 миллион теңгеден асады. Ақтөбе, Ұлытау облыстарында да мұндай деректер анықталған. Агенттіктің хабарлауынша, Ұлытау облысында мердігер жоба бойынша жалпы сомасы 282,5 миллион теңге болатын құрылыс-монтаж жұмыстарын іс жүзінде жүргізбей жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған жұмыстар болмағандықтан, қазірдің өзінде 400 миллион теңге аударылған. Соталды тергеулер жалғасып жатқанын атап өтті. Барлық қатысы бар лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.Ал сенаторлар елдегі гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозғанын айтады.

СЕРІК ШАЙДАРОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Гидротехникалық құрылыстардың көпшілігіне 50 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жасалмаған және қайта жаңғыртылмаған. Олардың 60%-дан астамы тозып біткен.Жыл сайын көзбен көріп, тексерудің қорытындысы бойынша 537 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет екені анықталды, оның ішінде 427 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншікте болып отыр. 2024 жылы коммуналдық меншіктегі бөгеттерге көп факторлы тексеру жүргізуге және қауіпсіздік декларациясын ресімдеуге өңірлер бюджеттерінде 20 өңірдің тек 5-еуінде ғана қаржы көзделген. 2025-2026 жылдарға ешқандай облыста қаржы көзделмеген».

Сенатордың айтуынша, мұндай құрылыстарды пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу үшін қыруар қаржы керек. 2010-2012 жылдары иесіз бөгеттерді анықтау қорытындысы бойынша олардың барлығы сот шешімі бойынша аудандық коммуналдық меншікке өткен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларды басқару үшін аудандар облыстық коммуналдық меншікке беруі керек еді, ал олар өз кезегінде қаржы жұмсамау үшін қарамағына қабылдамай отыр. Осылайша гидротехникалық құрылыстардың шамамен 75%-ы аудандық коммуналдық меншікте қалған. Депутаттар министрліктер мен әкімдіктердің су қоймаларын салу, еріген қар суын жинау және өзен арналарын тазарту жөніндегі он жыл бұрынғы орасан зор жоспарлары қағаз жүзінде қалды деп сынады. Елімізде жылда су тасқыны болып жатыр, ал билік олардың алдын ала алмайды және тек салдарымен күреседі. Тасқын суға қарсы шаралар тиісті деңгейде жүргізілмейтіні айдан анық. Оның нәтижесін қазір елде орын алып жатқан су тасқынынан көріп отырмыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.