0:00 / 0:00
Сот жүйесін реформалауға арналған заң жобасын талқылаған мәжіліс депутаттары халықтан шағым көп түсетінін айтады. Аталған құжат арқылы кассациялық қараудың алдында алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Алайда дәл осы мәселе азаматтардың ашу ызасын тудырады дейді депутат Сайыров. Себебі, Жоғарғы соттан әділеттілік таба алмағандар Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінеді.
Сот жүйесіндегі тағы бір мәселе-әділ шешім шығару. Депутаттар соттағы проблемалар әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Жабық мекемеге айналған деп отыр. Жаңбыршиннің айтуынша, Президенттің Жарлығымен отставкаға жіберілген судьяларды қайта жұмысқа алу үрдісі жүріп жатыр. Заңгерлердің өзі заңды белден басып отыр деп сынады ол.
Өз кезегінде осы заңды қорғап отырған Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы соңғы 3 жылдың ішінде жоқ дегенде 240-270 мың шешім шығардық деп отыр. Жер дауы, отбасындағы жанжал, мемлекеттік сатып алулар саласында шағымдар көп дейді ол.
Жалпы қылмыстық, әкімшілік істерге қарағанда, азаматтық істің саны көп. Сол себепті азаматтық сотқа жүктеме де ауырлап отыр. Ал бұл салада қазір 2 700 судья жұмыс істейді.
Мәжіліс сот жүйесін реформалауды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы Қылмыстық-процестік кодекске, Азаматтық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және тағы бірқатар басқа заңға түзету енгізуді көздейді.