Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шенеуніктерге шетелде есеп-шот ұстауға тиым салынады

c 20:05, 10/12/2020 c 1344

0:00 / 0:00

Қазақстандық шенеуніктер, судьялар мен депутаттарға шетелде есеп-шот ұстауға тиым салынады. Сенат депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы осындай норманы енгізді. Заң жобасы депутаттармен дайындалғанды. Еске сала кетейік, шенеуніктердің оффшордағы қаражатын елге қайтару, шетелде ақша ұсатуға тиым салу мәселесі қоғамды соңғы кезде жиі көтеріліп жүр. Тіпті жемқорлыққа қарсы күрес нормасын ел Президенті ұсынған болатын.

Қазақстанда сыбайлас-жемқорлықпен күресте енгізілмеген, қабылданбаған норма жоқ шығары. Бірақ жемқорлардың тәбеті тыйылар емес. Жемқорларды әшкерлеу, соттау ісі жыл сайын артып отыр. Бір өкініштісі жымқыратынын жымқырып, шетел қашып кеткенде барып, әттеген-ай деп санды соғып отырамыз. Қазақстан қоғамындағы бұл дертті түбімен жою қаншалықты мүмкін. Ал ел ішінде жоғары лаузаымды қызметін атқарып жүріп, оффшорда қаражатынұн-түнсіз жинап отыратындар да жоқ емес. Енді оларды әшкерлеу үшін шенеуніктерге, судьяларға, депутаттарға шетелде есеп-шот ашып, ақша жинауына тиым салынады. Сенат қабылдаған жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы осыны көздейді. Алайда, кейбір сенаторлар бұл нормада шикілік бар дейді.

Нұржан Нұрсипатов – ҚР парламент сенатының депутаты «Заң жобасына лауазымды тұлғаларға шетелдік банктерде есеп-шот ұстауына тиым салатын норма енгізіліп отыр. Ал бұл шектеу шенеуіктердің жұбайларына, кәмелет жасқа толмаған балаларына қатысты ма? Егер болмаса бұл заң тиімсіз болмай ма? Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторға бұл норма қатысты ма? Көрші Ресейде 2012 жылдан бері шененуіктердің жұбайларына да оффшорда ақша ұсатуға тиым салынған норма бар».

Бермудтық заң фирмаларының есебінен кейін, журналистер шенеуніктердің оффшорлық компаниялармен байланысын әшкерлеген болатын. Олардың бірі  қазіргі индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов болатын. Алайда, министр оны жоққа шығаруға тырысқанды. Сондай-ақ, журналистер Meridian Capital холдингі жайында мәліметті жариялағанды. Ол мұнайгаз бен банктік, логистикалық активтерді басқарады. Оның қатысушыларының бірі - «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев. Бірақ Мыңбаев мырза да бұл ақпаратты мойындамады.  Дегенмен, нақты мәліметтер бар.  Global Financial Integrity ұйымының бағалауынша, Қазақстанннан 167 млрд доллар оффшорға шығарылған. Осыған қарамастан заң жобасын әзірлеушілер ұсынған норма осал болып тұр.

Андрей Лукин – ҚР парламент сенатының депутаты «Жемқорлыққа қарсы нормада шенеуніктерге, судьяларға, депутаттарға шетелде есеп-шот ұстауға тиым салынады. Әзірге осы шектеуді енгізіп, оның аясын кеңейтуді кейін қарастыруға болады».

Алайда, бұл шектеулер нәтиже беретіні күмән тудырады дейді сарапшылар. Себебі, оффшорда ақша ұстайтын қазақстандық элита шетелде өз атынан есеп-шот аша қоймас. Сондықтан, байлығын шетел асырып, тығып ұстаудың  әр жолын табады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.