Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шарапаты мол бағдарлама

c 10:00, 04/10 c 38

0:00 / 0:00

БҚО-да 17 мың адам жұмыссыз деп тіркелген. Бұл облыс халқының 4,8 пайызын құрайды. Қызметтен қағылғандардың дені- жастар мен түрлі вахталық жұмыста істеп, қысқартуға ұшыраған жандар. Жұмысқа 50-ден асқан тұрғындар да қапелімде орналаса алмайды. Осы жас ерекшелігіндегі жандарға "Күміс жас" бағдарламасы іске қосылған-ды.

Зейнет жасына жақындаған сайын аға буынның еңбекке араласуы қиындайды. Жұмыс берушілер мамандардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі сылтау айтатыны жарысын емес. Осы жағдайды ескере отырып, үкімет "Күміс жас" бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама 50-ден асқан жандарды қызметке орналастыруға арналған.

Саят Баймұханов, Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

-"Күміс жас" бағдарламасына қатысушы 50 жастан асқан болуы керек. Және де оның алдында жұмыс берушімен ешқандай қарым-қатынастары болмаған, яғни бұл мекемеде жұмыс жасамаған болуы керек. 50 жастан асқан және де біз 3 жыл бойы жалақысын төлеп отырамыз. Зейнет жасына жеткенге дейін немесе егер зейнетжасына жетпесе сол 3 жылдың ішінде сол мекемеде тұрақты жұмысқа тұруы керек,-дейді.

Күміс жастың шарапатын көріп отырған жанның бірі- Сәлима Сүлейменова.  Ол бір жарым жыл бұрын балабақшаға жұмысқа орналасыпты. Кейіпкеріміз 55 жастан кейін еңбекке араласу қиынға соққанын жасырмайды.

Салима Сүлейменова, балабақша қызметкері:

-Осы бағдарламаның арқасында жұмысқа орналастым. Өзім осы ауданда тұрамын. Жұмыспен қамту орталығына жолыққан едім 3-4 мекемеге жолдама берді. Осы балабақша көңілімнен шықты. Жалақым да жақсы. Ай сайын зейнетақы қорына тиісті жарнамда ауып тұрады. Оны тексеріп отырамын. Бағдарламаның арқасында жақсы жұмыс, жақсы ұжым таптым. Мен өте қуаныштымын. Күнде жұмысқа керемет көңіл-күймен келемін,-дейді.

Өткен жылы БҚО-да "Күміс жас" бағдарламасымен 383 адам жұмысқа орналастырыпты.  Сұраныс ауылдық жерлерде көп. Жұмыс берушілер бағдарламамен қызметке алған маман жалақысының 30-35, 40 пайызын ғана төлейді. Еңбекақының басым көпшілігі мемлекет есебінен төленеді. 50 жастан асқан жұмыссыз жүрген жандар тұрғылықты мекенжайы бойынша Мансап орталығына жолығуы керек. Мамандар жұмысқа орналасуға қол ұшын созады.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.