Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяси өзгеріс қажет

c 20:45, 11/03/2020 c 564

0:00 / 0:00

Әлемдік экономиканың ушығып тұрған сәтінде саяси өзгеріс жасамай, одан әрі экономикалық реформаны енгізу мүмкін емес. «Ақ жол» партиясының серкесі Азат Перуашев бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдады. Ақ жолдықтар премьер-министр Асқар Маминге парламенттік республика институт жүйесін енгізуді ұсынды. Шикізатқа тәуелді елдер үшін мұнай бағасының құлдырауы тиімсіз екені мәлім. Еске сала кетейік, дүйсенбі күні мұнай бағалары 30 пайызға жуық құлдыраған болатын. Мұнай арзандап, доллар бағамы 400 теңгеге дейін шарықтап кетті.

Әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауы сонау 2008 жылдан басталды және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз келеді. Қаржылық жетіспеушілік АҚШ-н басталған болатын. Сонымен қатар,2011 жылы әлемдік сауда 10%ға қысқартылды. Енді міне мұнай өндіруші алып елдердің арасындағы мұнай өндіру көлемін шектеуге қатысты келіспеушілік салдарынан қара алтынның құны құлдырап кетті. Доллар бағамы шарықтады. Мұның бәрі ел экономикасына кері әсер етеді. Азық-түлік, қажетті тауар түрлері қымбаттайды. Үкімет кешеден бері әлемді жаулаған дағдарысты әзірге экономиканың ушығуы деп бағалап отыр. Оған қарсы іс-қиымылын бастады. «Ақ жол» партиясы елде саяси өзгеріс жасамай, одан әрі экономкиалық реформаны енгізу мүмкін емес деп отыр. Премьер-министрге Парламенттік республика  жүйесін енгізуді ұсынды.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Бүгінгі жағдайда инвестицияға шектеу қоймай, шикізат емес индустрия бағдарламасын жедел қабылдау қажет. Өнеркәсіпті дамыту қорын жұмыс істетіп, дайын өнімді өндіретін салаға арзан, ұзақ мерзімді қаражат бөлу керек. Ең алдымен жаппай тұтынатын тауарларға басымдық жасаған жөн. Нарықта әділ және ашық бәсекелестікті  орнату қажет. Халықтың мойнында отырған  монополистер  бағаны ұстап тұруы керек. Ал елде экономикалық реформа жүргізу үшін саяси өзгеріс қажет. Ол үшін кезең-кезеңмен Парламенттік  республика жүйесіне  көшкен жөн».

Мұнай арзандап жатқан сәтте, біздің елде бензин бағасы өсе бастады.

Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, долларға шаққандағы теңге бағамының өзгеруі - уақытша құбылыс, алдағы уақытта барлығы лайықты деңгейінде тұрақтайды. Ал мұнайдың  бірде көтеріліп немесе кей жағдайда төмендеуі нарықтық үрдіс. Әлемдік экономикадағы өзгерістер біздің елге де әсер етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.