Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САПАСЫЗ ЖОЛҒА КІМ ЖАУАПТЫ?

c 10:05, 10/09/2021 c 573

0:00 / 0:00

Республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, оның 3,6 мың шақырымы реконструкциямен, 1,5 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Биыл елімізде  2,2 мың шақырым республикалық жолда жөндеу жұмыстары аяқталады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, Жыл қорытындысы бойынша республикалық автомобиль жолдарының 90 және облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 80 пайызын нормативтік жағдайға жеткізу көзделіп отыр. Алайда, мың шақырымдап салынып, жөнделіп жатқан жолдар тез істен шығады. Жол сапасына кім жауапты? Бұл сұраққа елордада өткен брифингте жауап іздеп көрген тілші репортажынан назар аударалық.

Жол мұраты жету. Алайда, сапасы сын көтермейтін жолдармен көздеген жеріңе жеткенше дымың құриды. Инфрақұлымның жоқтығынан да ішкі туризм дамымай жатыр. Жолы сайрап тұрса кез-келген қазақстандық жеңіл көлігіне отырып, еліміздің түкпір-түкпірін аралап,  тамаша табиғатын көріп қайтқысы келеді. Алайда, сапасыз жол тежейді. Қала, аудан,ауыл аралық жолдар жайында ауыз да ашпаймыз. Үкімет жылда жол жөндеуге, жаңа жол салуға миллиардттар бөледі. Алайда, толық нәтиже жоқ. Ал ақылы жолдарды салу уақыты ұзаққа созылып кетіп жатыр. Оның бойындағы  қызмет көрсету нысандары талапқа сай келмейтінін индустрия министрлігіндегілер де мойындап отыр. Дегенмен, жол сала береміз, бірақ сапасына көңіл бөлмейміз.

БЕРІК ҚАМАЛИЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ -«Жол сапасына қатысты сын көп. Бұған жобалық-сметалық құжаттардың сапасыз жасалуы себеп.Құрылыс алаңдарында бақылау нашар. Мердігерлік, техникалық бақылау қызметінің инженерлерінің кәсіби біліктілігі төмен».

Осылайша, вице-министрі сапасыз жолдың кінәлілерін тауыпты. Ең бастысы жоғарыда отырғандар судан таза, сүттен ақ демекші ме, кім білсін?..  Енді Нұрлы жол бағдарламасы Ұлттық жоба болмақ. Осыған орай  биыл біраз шаруа тынбақшы. Республикалық маңызы бар жолдар, жергілікті жолдар жөнделмек.

Жалпы жыл қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 2,2 мың шақырымында жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Қоғамда сапасын сын көтермейтін жолдардың құны тым қымбат деген пікірлер де айтылуда. Вице-министр бұған да өз жауабын дайындап келіпті.

БЕРІК ҚАМАЛИЕВ – ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда автожол құрылысының жоғары құнына қатысты сұрақтар жиі қойылады.Қазақстанның автомобиль жолдарының орташа құны жолдың санатына, жол жабындысының құрылымына байланысты 1 млн-нан 2,5 млн долларға дейін жетеді. Ал көрші елдерде, Еуропа мемлекеттерде ол 3 млн-нан 5 млн долларға дейін барады»

Ал  2025 жылы жол бойындағы қызмет көрсететін нысандардың 100 пайызын Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтіру жоспары бар. Тіпті  2021 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 66 пайызға жеткізу қажет деп отыр вице-министр. Ол үшін әкімдер тынбай еңбек етуі керек. Себебі, жол бойындағы сервис нысандарын дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы нәтижесінде облыс әкімдіктері үшін рейтинг жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.