0:00 / 0:00
Қабылданып, дұрыс жұмыс істемей жатқан заңдарға кім жауапты? Мемлекеттік органдар сапасыз, мемлекеттік тілдегі нұсқасы сын көтермейтін заң жобаларын әзірлейді. Бұл мәселе бүгін Сенатта өткен заң шығару барысын дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда талқыланды. Сенаторлардың бір тобы сапасыз заңға үкіметті кінәласа, енді бірі шикі заң қабылдаған Парламент өзіміз кінәліміз деп даурықты. Сенаттағы отырыстан Әселім Қалкен баяндайды.
Даудың басы заңдардың мемлекеттік тілде жазылмайтынынан туындады. Заң шығару барысын дамыту тақырыбындағы сенаторлардың ойы екіге бөлінді. Депутаттар әдеттегідей үкіметтен келетін заң жобалары қазақ тілінде жазылмайды, орыс тілінен аударған аудармасы да сын көтермейді. Жалпы мемлекеттік органдар депутаттардың осы сындарын назарға алмайды деп даурықты. Өз тілін толық мойындай алмай,өз көркем тілімізде заң жобасын жаза алмай отырғанымыз үлкен сын. Бұған сенаторлар заң жобасын ұсынып отырған мемлекеттік органдарды кінәлады. Депутаттар қазақ тілі нағыз заң тілін қалыптастырып, норма жасауға және жазуға өте қолайлы тіл екенін атап өтті.
Сапасыз заңның сапалы нәтиже бермейтіні сөзсіз. Бұған жабыла үкіметті кінәлаған әріптестерін депутат Бекназаровтың сөзі ойландырып тастады. Сенатор парламент соңғы кездері кодекстерді қабылдаған кезде, жаңсақ қадамдарға барғанын айтты. Бұл орайда шикі заң қабылдап отырған өзіміз кінәліміз деді ол.
Депутат парламент соңғы кездері миллиондаған азаматтың құқын қамтитын кодекстерді қабылдаған кезде, шикілікке жол бердік деп отыр. Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін қабылдағанда, көптеген норма бойынша үлкен сомалы айыппұлдар белгіленді. Олмыңдағанадамдардыңтағдырынаәсеретті. Албір-екіжылданкейінсолайыппұлдардыңшамасын, керісінше, еселепазайттық. Сөйтіпасығысшешімгебардық, - дедіБекназаров.Сол сияқты кемшіліктер атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды қабылдауда да орын алғанын айтады.