0:00 / 0:00
Бектенов үкіметі қосымша құн салығын 20 пайызға дейін көтеріп, қазынаны толтырудың жолын тапқандай еді. Алайда, бизнес қауымдастығы үікметтің бұл ұсынысына қарсы. Егер қосымша құн салығы өссе бизнеске түскен салмақ тұтынушының яғни халықтың қалтасына әсер етеді. Азық-түлік, қызмет түрлері түгел қымбаттайды деген пікірлерін алға тартуда. Әзірге үкіметтің бұл ұсынысы Парламентке түскен жоқ. Үкімет бір мезетте қосылған құн салығын көтеріп ғана қоймай, оның төлеу шегін азайтуды да ұсынды. Қазір ұл меже - 78 млн теңгені құрайды. Шенеуніктер оны 15 млн теңге түсірмекші. Мәжілісмен Бейсенғалиев қосылған құн салығы есепке алынбай, айналымнан алынатын салық болады және барлық сома түпкілікті тұтынушыға қосымша қаржылық жүктеме болып, тауар бағасына әсер етеді. Сондай-ақ, бизнестің бөлшектеніп, көлеңкеге кету қаупі бар, - дейді.
Депутаттың пікірінше, қазынаны толтырудың басқа да жолдарын іздеуге болады.
Үкімет экономиканы дамытуға, шетелден инвестиция тартып, бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет дейді. Өз кезегніде министрлер кабинетіне бюджеттің шығысы мен кірісін теңестіріп, тиімсіз шығындарды оңтайландыруды, көлеңкелі бизнес субъектілерін салық төлеушілер қатарына біртіндеп шығара отырып, экономиканың үштен бір бөлігін құрайтын көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді, нақты жұмыс орындарын беретін, қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын кәсіпорындарға қаражат құюды ұсынды.