0:00 / 0:00
Сайлауға төрт күн қалды.Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі науқан кезінде сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастырудың қорытындылары туралы отырыс өтті. Отырыс барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ерлан Дауылбаев сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне қатыстырылмайтынын айтты.
Елдегі сайлау науқаны мәресіне жақындап қалды. Төрт күннен кейін Парламент мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлау өтеді. Саяси партяилар да үгіт-насихат жұмысын тынбай жүргізіп жатыр. Ең бастысы сайлаудың әділ өтуін бақылау мәселесі тұр. Халықаралық бақылаушылар мен қатар ел ішіндегі үкіметтік емес ұйымдардың да байқаушылары сайлаудың әділ өткен жіті назарында ұстайды. Дауыс ұрланбау, сайлаушылардың құқығын бұзбау басты қағида. Алайда, үкіметтік емес ұйым немесе қоғамдық бірлестік сайлауда байқаушы қызметін атқаруға ниет білдірсе, онда олар 10 қаңтарда Учаскелік сайлау комиссиясына келіп, нұсқау қағазын тапсыруы керек. Бұл қағазсыз сайлау участігіне аяқ бастырмайды.
Ерлан Дауылбаев –ҚР ОСК мүшесі «Онда азаматтың не үшін, қайда, қандай участікке бара жатқаны туралы нақты көрсетілген болуы керек. Қоғамдық ұйым өз қызметінің мақсаты ретінде азаматтардың саяси құқығын іске асыра алуы қажет. Егер ұйым қаулысында мұндай қызмет түрі болса, еш мәселе туындамайды. Ал керісінше болған жағдайда, бұл өкіл сайлауға жіберілмейді. Сайлау процесіне еш қатысы жоқ азамат сайлау учаскесіне қатыстырылмайтыны Конституциялық заңда да нақты жазылған».
Мұндай талап сайлау барысынан ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне де қойылады. Бұл жолғы сайлаудың бір ерекешелігі, ол карантин барысында өтеді. Дауыс беруге барған сайлаушылардан санитарлық норманы қатаң сақтау талап етіледі. Дене қызуымен барғандар дауыс бере алмайды. Ал байқаушылар птр тест тапсырмай, сайлау барысын бақылай алмайды. Сайлауға бір-екі күн қалғанда байқаушылар түгел ковидке птр тест тапсыратын болады.