Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайлау

c 11:13, 22/10/2020 c 692

0:00 / 0:00

2016 жылдың наурызында өткен парламент мәжілісінің алтыншы шақырылымының да өкілеттілігі аяқталуға жақын. Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Елдегі саяси партиялар ұйқыдан оянғандай сайлау науқанына қызу дайындықты бастайды. Ендігі партиялар алдағы сайлаудан үміттерінің зор екенін жарыса мәлімдеп жатыр. Ал Орталық сайлау комиссиясы бекіткен жоспарын жариялады. Кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Яғни, ағымдағы жылғы 10 қарашадан бастап 30 қараша күнгі сағат 18-00-ге дейін.Партиялық тізімдерді тіркеу сайлаудан екі ай бұрын басталады және сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады, яғни 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан күнгі 18-00 сағатқа дейін.Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күнді құрайды.

Қазақстандықтардың таңы саяси жаңалықпен атты. Өкілеттілігі аяқталғалы отырған Парламент Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаттарының жылы орнынан кететін уақыты да жақындады. Сайлау науқанында ұйқыдан оянатын саяси партиялардың екі ай уақыты бар. Сайлаушыны жарылқаймыз деген ұрандар, бағдарламалар легін күте беріңіз.

Жарлық шығысымен саяси партиялар Парламент сайлауына қатысатындарын жарыса  мәлімдеп жатыр. Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бүгінде оның тек үшеуі ғана Парламент төрінде отыр.  Ақ жол мен Коммунистер жеті депутатымен отырса, қалғаны билік партиясы  Нұр Отанның  еншісінде. Оған қоса Ассамблеядан сайланған тоғыздық бар. Енді алдағы сайлаудың бір ерекшелігі Парламентке оппозициялық көзқарастағы саяси партия өкілдері келеді деген үміт бар.Сондай-ақ, әйелдер мен жастардың үлесі 30 пайызға артып отыр.  Ақжолдықтар бұл саяси жарыста парламенттегі орнымыз едәуір көбейеді деген үмітте. Бәрі сайлаушылардың қолында.

Коммунистер де сайлауға сақадай саймыз деп мәлімдеп отыр.  Ең бастысы ашық сайлау науқанын өткізуге ниеттіміз дейді партия мүшесі.

Айта кету керек, бұл сайлау ковид таралып жатқан сәтте өтеді. Қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында сайлауда онлайн дауыс беру жүйесі болуы мүмкін деген пікірлер де жоқ емес. Онлайн дауыс беруде дауыс ұрланбай ма деген қауіп те бар.

Орталық сайлау комиссиясының өкілі Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан азаматы және ел  аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқандар, жасы 25 жастан жас емес азаматтар үміткер бола алады дейді.  Сондай-ақ, сайлауға қатысқалы отырған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына сайлау жарнасын төлейді. Жарна көлемі ең төменгі жалақы көлемінен 15 есеге көп. Жарна партия тізіміндегі әр тұлға үшін төленеді. Ал, бұған дейінгі сайлауда жеңіске жеткен партиялар бұл салықтан босатылып отыр.

Константин Петров – ҚР ОСК төрағасының орынбасары «2016 жылғы сайлауда үш партия 7 пайыздан көп дауыс жинады. Олар Нұр Отан, Ақжол және Коуммунистер. Осы үш партия бұл сайлауда жарна төлеуден босатылады. Жарна көлемі партия тізіміндегі әр тұлға үшін 637 мың 500 теңгені құрайды»

Айта кету керек Парламент Мәжілісі мен маслихат сайлауы қатар өтетіндіктен, маслихатқа да жаңа депутаттар келеді. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауды қатар өткізу заңға қайшы келмейді және біріктірілген науқан  пандемия барысында бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.