Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СӘБИДІ 100 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ САУДАЛАҒАН

c 09:43, 23/05 c 67

0:00 / 0:00

Адам саудасы әлемде кеңінен тараған қылымыс түрі. Бұл қылмыста Қазақстан тарнзитті ел ретінде пайдаланылады. БАӘ, Әзірбайжан, Түркия, Израиль, Греция, Ресей, Германия және Америка Құрама Штаттары елдерінде адам жыныстық қанау, құлдыққа салу мақсатында сатылады. .Ал Қазақстан — Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Ауғанстаннан Қазақстанға, одан әрі Ресейге және Біріккен Араб Әмірліктеріне мәжбүрлі еңбекке құлдық және сексуалдық құлдық мақсатында сатылған ерлер, әйелдер мен балаларға арналған транзит ретінде тағайындалған ел болып отыр.

Соңғы бес жылда , адам саудасымен айналысатындар Қазақстанда жергілікті және шетелдік құрбандарды пайдаланады, ал саудагерлер шетелде Қазақстаннан келген құрбандарды пайдаланады. Көшеде садақа сұрап жүрген балалар да осы адам саудасының құрбаны болуы әбден мүмкін дейді мамандар. Құжаты жоқ мигранттар, жеке куәлігі жоқ адамдар, жұмыссыздар, үйсіздер және мүгедектерді жиі пайдаланды. Өкінішке орай, Қазақстанда адам саудасы бойынша 19 факті тіркелді. Соның ішінде жаңа туған нәрсетелерді 100 мың теңгеге сатқандар болды.

МАРАТ ҚОЖАЕВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Өткен жылы бізде адам саудасы бойынша 19 факт тіркелді. Істердің басым көпшілігі аяқталды, шамамен 16-17 адам жаңа туған нәрестелер саудасы үшін жауапқа тартылды. Ал биыл елімізде нәрестелер саудасы бойынша үш факті тіркелді. Әр сәбидің бағасы 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін барады»

Мәжіліс адам саудасы мен вандализм туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, сенатқа жолдады. Сонымен қатар жаңа заңда адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталады.

Осы заңнама аясында интернет арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.