Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ревакцинация басталды

c 15:22, 22/11/2021 c 872

0:00 / 0:00

22 қарашада Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинация басталды. Қазір облыстың барлық медициналық нысандары науқанды бастады. Ревакцинация екі кезеңнен тұрады. Бастапқыдағыдай бүгінгі шарада медициналық мекеме қызметкерлері бірінші болып ауруға қарсы екпе алуда. Ревакцинация - бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыру. Ең алдымен ревакцинация медицина қызметкерлеріне, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемесінің қызметкерлері мен контингентіне, күштік құрылымдардың қызметкерлеріне жасалады.Сондай-ақ ревакцинация: 60 жастан асқан адамдарға, вакциналаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған, иммунитеті әлсіреген адамдарға да тағайындалады. Емханалар осы уақытқа дейін егілгендерге бұл жөнінде хабарлайтын болады. Қазір облыста тұмауға қарсы да егу жұмыстары орындалып жатқандықтан тұрғындар арнайы кезекпен шақырылады,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова.Орал қаласының бірінші емханасында 25 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы егілген. Емханаларда «QazVac», «Спутник V», «Пфайзер» препараттары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.