Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«РЕЙДЕРЛІКПЕН ТАРТЫП АЛЫНҒАН БИЗНЕСТІ ҚАЙТАРУ КЕРЕК»

c 19:08, 20/06 c 19

0:00 / 0:00

Ерлан Сайыровтың айтуынша бизнесі өрлеп тұрған кәсіпкерлерден рейдерлік жолмен барын тартып алу Ескі Қазақстанның құрып кеткен жүйесі. Билік басындағылар өздеріне қатысты жаза қолданылмайтынын пайдаланып, барлық құқықтық және моральдық нормаларды аттап біреудің адал кәсібін астам озбырлықпен тартып алып отырған. Мұндай қара жүйені – марқұм Рахат Әлиевпен оның жақтастары қалыптастырған дейді ол. Енді экс-президент Назарбаев биліктен кеткен соң, зардап шеккен кәсіпкерлер өздерінен тартып алынған бизнес пен мүлікті қайтаруды талап етуде.Депутат бірнеше мысалды алға тартты. Бір топ кәсіпкер құны 170 млн. доллар тұратын ірі бизнесін Ескі Қазақстанның өкілдері қалай тартып алғанын айтады.
7 мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай станциясынан тұратын мұнай бизнесін 2003 жылы-ақ тартып алған. Қонаев қаласындағы «СТС» сияқты бірнеше демалыс орындары мен Түркістан облысындағы «Алтын-Бұлақ» санаторийіне де ауыз салған.

Тізе берсек өз күшімен бизнес құрып, кәсібін жүргізіп отырғандардың ескі Қазақстан өкілдеріне жем болуы деректері аз емес. Депутат Сайыров үкімет пен бас прокуратурадан ешкімнің адамдардың тапқан-таянғанына қол сұғуына хақы жоқ! Сондықтан аталған азаматтардың экономикалық мүлкін қайтару жөнінде жұмыс жасауды талап етті. Яғни рейдерлік жолмен тартып алынған бизнесті қайтару қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.