0:00 / 0:00
Елімізде сот ісін прокурорлардың қатысуынсыз өткізу ұсынылып отыр. Бұл жайында Әкімшілік Кодекс туралы жаңа заң жобасында жазылған. Парламент Мәжілісінің талқылауына түскен жобада әкімшілік істерді прокурорлардың қатысуынсыз қарау енгізілген. Дегенмен қадағалаушы орган салық, кеден және антимонополия істері бойынша сотқа қатысады. Яғни бюджет қаражатын қорғауда прокурордың болуы міндетті. Заңгерлердің айтуынша, әкімшілік істерді қарауда азамат екі бірдей - мемлекеттік органға қарсы шығуға мәжбүр. Оған қоса прокурордың қатысуы да жағдайды қиындатады.
Дамыған елдерде әкімшілік істер бойынша сот отырысы прокурордың қатысуынсыз өтеді. Ал Қазақстанда баяғы жартас сол жартас. Депутаттардың айтуынша, азаматтық істерді қарауда прокурордың сот залында отыруының өзі кеңес дәуірінен қалып қойған ескі үрдіс. Бүгінде сот әділдігіне жүгінгендер саны артып отыр. Кез-келген дау-дамай сот залында шешіледі. Тіпті, прокурорлардың өзі істің көптігінен, дайын қағазды оқып үлгермей жатады.
Прокурорлар болса қолдағы биліктен айырылғысы келмейтін сияқты.
Болат Дембаев - ҚР бас прокурордың орынбасары; «Біз әрқашан мемлекеттік мүддесін қорғаймыз.2017-19 жылдары салық дауы бойынша 114 шағым қанағаттандырылды. Оның 95 ісі бойынша 20 млрд теңгені прокуратура қорғап алды. Ал салықшылар болса қызығушылық танытқан да жоқ. Прокурордың сот ісіне қатысуы мемлекеттің мүддесін қорғау үшін қажет».
Ал судьялардың айтуынша, сот ісі барысында азаматтарға мемлекеттік органмен және прокурарормен теке тіресуге тура келеді. Азаматтық процесте сот алдында дәлелін жеткізе алғандар жеңіске жетеді. Сондықтан азаматтар дұрыс бола тұра, жеңіліс тауып жатады. Батыс елдерінде, тіпті Әзірбайжан елінде әкімшілік істер бойынша сот отырысына прокурор қатыспайды. Бізде қадағалаушы органсыз сот отырысын елестету мүмкін емес.
Көптеген дамыған елдерде сот шешемінің 95 пайызы азаматтардың мүддесіне қарай шешіліп жатады. Ал біздің елде прокурорлар өз дәлелін растап, азаматтарды кінәлі қылып шығаруды басты міндет қылып алған.