Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Президенттің тапсырмасы орындалмай жатыр

c 09:31, 05/11/2020 c 495

0:00 / 0:00

Президенттің кәсіпкерлерді қолдауға қатысты тапысрмасы орындалмай жатыр. Ақжолдықтар  пандемиядан зардап шеккен салаларда әлі күнге дейін кредиттерді қайта қаржыландыру басталмағанын айтты. Бұл жайында бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында партия төрағасы, депутат Азат Перуашев Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Пандемия барысында ел бизнесі тоқырауға ұшырап жатыр. Қатаң карантин талабына сай жұмысы тұрып қалған кәсіпкерліктер табысынан айырылды. Бүгінде мыңдаған кәсіпкер банкротқа ұшырау алдында тұр. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында үкіметке пандемиядан зардап шеккен салаларда шағын және орта бизнестің барлық кредитін жылдық 6 процентке дейін түсіріп, мемлекеттік субсидиялауды тапсырғанды. Осы мақсатта қосымша 200 миллиард теңге бөлінді. Ал субсидиялау бағдарламасы 800 миллиардқа дейін ұлғайды. Алайда, мемлекет басшысының бұл тапсырмасы   бюрократиялыққа салынып, орындалмай жатыр дейді депутат Перуашев.

Азат Перуашев – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты "Жолдау жарияланған күннен бері екі ай өтті. Алайда "Ақжол" партиясына арызданып жатқан кәсіпкерлер әлі күнге дейін бірде-бір аймақта кредиттерді қайта қаржыландыру басталмағанын айтып отыр. Банктердің көбісі өтініштерді қабылдағанда бас кеңседен таспырма түспегенін айтады. Ал өтініштер қабылданған жерде еш өзгеріс жоқ. Президенттің тапсырмасы бюрократиялық сөзбұйдаға салынып отыр. Бүгінде мыңдаған кәсіпкер банкрот болуға жақын. Ал оларды құтқаруға бөлінген миллиардтар жай жатыр».

Осыған орай депутаттар үкіметтен, ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігінен шұғыл түрде  тиісті тапсырманы орындауды сұрады. Жабылып қалу алдында тұрған шағын және орта бизнестің кредиттерін 6 пайызбе қайта қаржыландыруды, сондай-ақ, президенттің тапсырмасын дер кезінде орындамаған лауазымды тұлғаларды  жауапқа тартуды талап етті.  "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мәліметінше,  биыл пандемия мен шектеу шаралары салдарынан 1 миллионнан астам кәсіпкер зардап шеккен. 430 мыңнан астам бизнесмен өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.