0:00 / 0:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елбасының өкілеттілігіне қатысты жарлығы қоғам назарында. Осы мәселег қатысты бүгін әділет министрі Марат Бекетаев түсініктеме берді. Министр, қоғамда айтылып жүргендей «бұл жарлық елде екі билік екенін білдірмейді» деді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлыққа сәйкес, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігі кеңейтіліп отыр. Яғни енді президент Тоқаев министрлер мен әкімдерді тағайынауда елбасымен келісіп барып, шешім шығаратын болады.
Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі; “Жарлықта барлық процедура анық жазылған. Осыған орай, президент шешім қабылдамас бұрын кеңесөткізеді. Кеңесу кезінде барлық түсініспеушілік жойылуы керек. Соңғы сөзді қауіпсіздік кеңесі айтады. Бұл алқалы орган. Елбасы төрағалық етеді, сол себепті бәрі ашық түрде шешіледі”
Сондай-ақ, әділет министрі елбасының өкілеттілігін күшейтетін жарлық, перзидент билігін әлісертпейді дейді. Оның айтуныша, мұндай тәжірибе көп елде қолданылады.
Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі; "Әрине, жоқ. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Яғни, маңызды саяси ауыс-түйістерді басқа да органдармен келіседі”
Айта кету, сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс министрлерін тағайындауда Президент қауіпсіздік кеңес басшысына жүгінбей, өз бетінше шешім қабылдайды.