Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Президент тапсырмалары

c 19:17, 26/01/2021 c 456

0:00 / 0:00

Президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  әкмідер мен шенеуніктерег бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Тоқаев халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы керектігін айтты. Сондай-ақ, Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. Ағымдағы жылы 200 мектеп салынатын болды. Қазақстандық оқулықтардың сапасын көтерду де міндеттеді. Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленетін болды. Бүгінде елде 50 –ге тарта монополия бар. Үкіметке биыл қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуді тапсырды. Себебі, ағымдағы жылы жерді сатуға мораторий аяқталады.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыратынын айтты.  Сондай-ақ,Қазақстанда адамның иммундық мәртебесі туралы ақпарат қамтылған QR код енгізілетіні мәлім болды.

Екі жарым сағатқа созылған үкіметтің  кеңейтілген отырысында ел экономикасының даму барысы мен қауіпті індетпен күрес барысы жайында министрлер мен әкімдердің есебі тыңдалды. Президент Тоқаев бұл жиынға бірқатар тапсырмаларын арқалап келген екен. Үкіметтің алдында атқаратын шаруа көп.  Жалған кәсіпорындар мен қасақана салық төлемейтіндермен жұмысты күшейтуді тапсырды. Ол үшін тіпті

президент жанынан Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылатын болды.  Сондай-ақ, Президент монополияға қарсы жаңа заң әзірлеуді Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тапсырды. Бүгінде елде 50-ге тарта монополия бар. Ал бұлар нарықтағы бәсекені дамытуға кедергі болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті -«Бүгінгі таңда елдің экономикасы мемлекеттің қатты араласуынан ғана емес, жеке монополистердің бәсекеден тыс әрекеттерінен де зардап шегіп отыр. Олардың қатарында мемлекеттің өзі құрған бірыңғай операторларды, жеке монополияларды да атап өтуге болады.

Маған кәсіпкерлерден теміржол желілерінің подъезд жолдарының жекелеген басшыларына шағым көп түсіп жатыр. Олар жылжымалы құрамның өтіп кетуіне рұқсат алудың өзі қиямет-қайымға айналғанын жазады. Ал оларда өтейін десе басқа жол жоқ. Бұл учаскелерді жекешелендіру кезінде адал бастамаларды күтіп едік, ақыры сөзге көнбейтін монополистер пайда болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірге подъездік жол операторларының жұмысын тексеруді тапсырамын»

Мемлекет басшысы тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін де айтты.Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру басталғалы, баспана құны шарықтап кетті. Сондай-ақ, Президент халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы керектігін айтты.

Биыл жерді сатуға мораторий аяқталады. Тоқаев осыған қатысты Үкіметке  Жер кодексіне түзетулер енгізуді жүктеді.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазына қаржысын ысырап қылмай, мемлекеттік органдарға арналған қызметтік автокөліктердің санын азайтуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті «Орташа есеппен алғанда бір автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге жылына 6 миллионнан астам теңге жұмсалады. Бірқатар елде жеке көлік құралдарының орнына ақшалай өтемақы төлеу тәжірибесі енгізілген. Бұл тәсіл «Самұрық-Қазына» қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік көліктердің санын едәуір қысқартып, әкімшілік шығындарды 1,5 миллиард теңгеге азайтуға мүмкіндік берді»

Президент, ақпан айынан  бастап ковидке қарсы жаппай екпе жасау басталатынын еске салды. Бұл орайда денсаулық сақтау министрлігіне вакцина салуға дайындықты күшейтуді, сапалы жұмыс жүргізуді жіті тапсырды. Алғашқы болып медицина қызметкерлері мен педагогтерге вакцина салынады. 18 жасқа дейінгі балаларға короанвирусқа қарсы екпе жасалмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны салдырмақшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті "Отандық вакцинаның сынағы оң қорытынды береді деп үміттенеміз. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцина салдырамын. Кейбір арандатушылар айтып жүргендей, күштеп вакцина егу деген болмайды. Бірақ адамдар вакцинацияның қиын жағдайдан шығудың жолы екенін түсінуі керек"

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанда адамның иммундық мәртебесі туралы ақпарат қамтылған QR код енгізілетінін хабарлады.  Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде эпидемияға қарсы шараларға теңгерімді әдісті қамтамасыз ету мақсатында иммундық мәртебе туралы ақпарат қамтылған QR код енгізу мәселесін тапсырды. Биыл Қазақстанның Тәуелсіз ел болып қалыптасқанына 30 жыл толып отыр. Бұл мерейтойда елдің даумы үшін маңызды реформаларды жүзеге асырамыз. Ал даңғаза той мен ысырапшылдыққа жол жоқ деді Тоқаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.