Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полицей болу арман ба?

c 18:43, 29/10/2019 c 697

0:00 / 0:00

Полицей қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықпен тығыз байланыс жасайтын тұлға. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «полиция азаматтардың қауіпсіздігін толыққамтамасызетуүшінқызметкөрсететінорганғаайналуытиіс»  деген болатын. Енді ел полициясы өз қатарын жастармен толықтырып, халыққа қызмет көрсетуді қолға алмақшы.

Бүгін елордада ерекше форум өтті. Мақсаты – ішкі істер органдарының қызметі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру, полицияның беделін арттыру, жастарды ішкі істер органдарында қызмет  етуге насихаттау, халықпен кері байланыс орнату болып табылады. Жиынға жастарды жинап алған полиция басшылары ішкі істер органдарындағы жұмыстың артықшылығын айтып, дәлелдеуге тырысты. Ұйымдастырушылар бұл форумды жастар жылымен байланыстырып отыр.  Полиция қатарына жастарды үгіттеп отырған салада кадр тапшы ма деген сұрақ туындайды.

Полицей болуды армандаған  жастар, офицер формасына, шеніне көбірек қызығатын сияқты. Форум барысында жастар полицияның қолданатын қару-жарағымен жіті танысты. Заңгер мамандығына оқып жатқан студент Дәния болашағын осы мамандықпен байланыстырғысы келеді.

Сондай-ақ, жастарды құқық қорғау органдарындағы әлеуметтік қолдау да қызықтыруы мүмкін. Бүгінде баспанасыз жүргендердің басымы осы жастар. Ал полицияға барсаң, жалдамалы пәтерге мемлекет ақша төлейді дейді, ұйымдастырушылар.

Зөре Айтжанова – ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің қызметкері; «Әлеуметтік пакет бар. Үкімет полиция қызметкерлеріне жалдамалы пәтер ақысын төлейді. Жыл сайын жалақылары өсіп отырады. Карьера жасауына мүмкіндік бар».

Әрине полиция құрамында жұмыс істеудің кемшін тұстары да баршылық. Мысалы, полицияға деген халық сенімі жоқ. Оны Мемлекет басшысы да көтеріп, «полиция халыққа қызмет көрсететін органға айналуы тиіс» дегенді.  Жалпы елімізде  тәртіп сақшыларының саны 80 мыңға жуықтайды. БҰҰ зерттеуіне сүйенсек,   әлемде 100 мың адамға 300 полицейден келеді екен. Қазақстанда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Бұл орайда біздің ел әлемдік рейтингте алтыншы орында тұр. Алайда, саны көп полиция  азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтып отыр деп айта алмайсың. Бұл рейтингте Қазақстан 138 орында. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы да асып тұрған жоқ. Сол себепті де болар, полицейлер жемқорлыққа бейімдірек. 2019 жылдың 8 айында ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне қатысты  307 сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Оның 170-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.