0:00 / 0:00
Әділет министрлігі жыл соңына дейін балаларға қатысты зорлық-зомбылық жазасын қатаңдатқан заң жобасы қабылданады деп хабарлайды. Бұл жайында Әділет министрі Марат Бекетаев бүгін елордада өткен брифинг барысында айтты. Сондай-ақ, министр осыған қатысты бірнеше заң жобасын әзірленіп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін еліміздің. Бас прокуратурасы аса ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуге арналған арнайы заң жобасы әзірленгенін хабарлаған болатын. Осы құжатта сексуалды сипаттағы зорлау фактілері ауыр қылмыстардың санатына енгізілетін болады. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы барлық қылмыстар үшін жаза күшейтіледі. Ал жас балаға қатысты зорлау әрекеті үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру немесе 20 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Прокуратудан басқа дәл осындай заң жобасын мәжілісмен Нұржан Әлтаев та ұсынып отыр. Әділет министрлігінің де өз жобасы бар екен.
Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі; «Басында осы норманы қай заңға енгіземіз деген пікір-талас туды. Бас прокуратура бүгінгі таңда өз заң жобасын әзірледі. Менің біліуімше бұл заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады»
Парламент депутаты Әлтаев, зорлық-зомбылық жазасын күшейту бойынша заң жобасына сексуалдық сипаттағы қылмыс жасауға ұмтылғаныүшін бөлек жаза тағайындау, сондай-ақ психикалық жағдайына қарамастан педофилдерге химиялық кастрация жасауды ұсынғанды. Әділет минситрлігі айыппұл салу жазасын алға тартады.
Марат Бекетаев – ҚР әділет министрі; «Енді бұл мәселе Парламентте шешіледі. Прокуратураның өз позициясы, депутаттардың өз позициясы бар. Онда жазалау мерзімін өсіру ғана емес, ауыр қылмыс деп қарау, айыппұл салу нормалары да қарастырылған»
Сондай-ақ, Бас прокуратураның әзірлеген заң жобасында кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау фактісін жасыру және педофилияның ауыр фактілері туралы хабар бермеу үшін де жазаға тарту көзделіп отыр. Оны ауыр қылмыстар санатына қосады. Ондай заң бұзушылықтар үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жоспары бар. Бұл дегеніміз, балаларға арналған мекемелердің басшылары және қызметкерлері баланы зорлау фактісін жасырса, жауапқа тартылады. Тура сондай жаза баланың ата-анасына және асыраушысына да қолданылады. Еске сала кетейік, сенатор Мұрат Бақтиярұлы балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандарды өлім жазасына кесуді ұсынған болатын.