Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пәтер құны неге қымбат?

c 16:49, 04/03/2020 c 790

0:00 / 0:00

Пәтер бағасының құнын азайтуға болады. Мұндай мәлімдемені елордда өткен жиында Қазақстанның Құрылысшылар одағының өкілдері жасады. Олар, мемлекет тұрмысы мүшкіл отбасыларына жасап жатқан несие пайызын азайтып жатқандай өзгеде пәтер алушыларға жеңілдік жасауды ұсынды. Сонда пәтер алушылар саны көбееді. Екіншіден, коммуникация шығындарын коммуналдық компаниялар өздері көтерсе, әр шаршы метр құны арзандар еді, дейді одақ өкілдері.

Құрылысшылар одағы тұрғын үй бағасын арзандату жолдарын ұсынды. Егер мемлекетті барлық құрылыс саласына қосар болсақ, баспана бағасы арзандап, халықтың сатып алу қабілеті артар еді, дейді Құрылысшылар одағының өкілі. Мысалы көп балалы аналарға несие 2 пайызбен беріледі. Егерде осындай жеңілдік көпшілікке берілсе, онда пәтер алатындар саны өсер еді, дейді одақ өкілдері.

Әсем Нүкенова - Қазақстанның «құрылысшылар одағы» сараптама бөлімінің басшысы; «Елімізде баспана жетіспеушілігінің өзекті мәселе болып отырғаны баршаға аян. Баспананың қымбат болуынан халықтың үй алуға қаражаты жетпейді. Мемлекет «7-20-25», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» сынды бағдарламалар әзірледі. Бірақ, бұл бағдарламалар халықтың мұқтаж бөлігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған санатқа кірмейтін тұрғындар баспана алуда қиналады».

Құрылысшылар одағы Үй салушылар алыпсатардың араласуынсыз-ақ құрылыс материалдарын сатып алуы үшін бірыңғай онлайн-ресурс құруды ұсынамыз, дейді. Оның сыртында, үй салу комбинаттарына тұрақты жүктеме беріп, қолжетімді баспана құрылысы бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт бекітуге болады, дейді сарапшылар. Ал құрылыс саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті арттыру мәселені шешуге көмектеседі.

Әсем Нүкенова - Қазақстанның «құрылысшылар одағы» сараптама бөлімінің басшысы; «Инженерлік инфрақұрылым мен үйлердің ішкі абаттануы бойынша міндеттемелер құрылысшыға берілген. Одан бөлек, көлік тұрақтарын салу да баспананың қымбаттауына ықпал етеді. Ал мемлекет, яғни Құрылыс істері комитеті үй салушының құрылыс материалдарын отандық өндірушілерден алуын талап етіп отыр. Импорттық тауарлардың бағасы да арзан, сапасы да жақсырақ екені белгілі. Онсыз да халықтың төлем қабілеті жылдан-жылға төмендеп келеді. Салдарынан, халықтың баспана деген сұранысын өтей алмаймыз».

Одан бөлек, Құрылыс істері комитеті үй салушыларды тек қана отандық материалдарды сатып алуын міндеттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Олардың материалы қымбат болғандықтан, Құрылысшылар одағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мемлекеттің құрылыс материалдын сатып алуға 20-30% мөлшерде субсидия бөлгенін қалайды», - деді Әсем Нүкенова.Бірақ бұл ұсыныстарға құрылысы істері комитеті қалай қарайтыны белгісіз. Бұғаг дейін экономика министрлігіннің сарапшылары құрылыс компаниялары ақша аздығынан банктен несие алады ал пайызын шаршы метрге қосады. Оның үстіне бағаны белгілейтін құрылыс компанияларының өз құзырында дейді сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.