Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пандемия кезіндегі жүктілік

c 17:25, 27/01/2022 c 1376

0:00 / 0:00

Күніне кем дегенде екі жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырып, медициналық көмекке жүгінеді. Бұл туралы көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері мәлімдеді. Қазір перзентханның паталогия бөлімшесінде 16 келіншек дәрігерлер бақылауында.Тәж тажалының салдары туралы ешкім дөп басып айта алмайды. Қарапайым тұрғындардың өмірін қиып түсіріп жатқан жұқпалы ауруға қарсы тұру жүкті әйелдерге оңай түспесі анық. Өйткені дәрігерлер қауіпті вирустың жатырдағы шаранаға да әсер етпей қоймайтынын айтады. Әзірге ауруға қарсы тұрар бір ғана жол ол - екпе алу. Облыста жыл басталғалы 629 жүкті әйелде коронавирус инфекциясы анықталса, олардың 526-сына ем тағайындалып, 31-і ауруханаға жатқызылған. 36 әйел босанған. Перзентханадағы болашақ аналар екпе алған соң ауру симптомдарын байқамағандарын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.