Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өткен жылы облыс көлемінде 68 жазатайым оқиға тіркеліпті

c 10:25, 07/08/2018 c 794

0:00 / 0:00

Бүгінде облыс көлемінде 12 арнайы арнаулы көмек алатын орталық қызмет жасауда. Ол орталықтардың көмегіне 5000 адам жүгініп, күн көріп отыр. Осы орталықтарда қызмет жасайтын жандардың еңбек құқығын қорғау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы ретте, Орал арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қабырғасында арнайы семинар тренинг ұйымдастырылды. Толығырақ, тілші материалында.

Күллі ғаламшарда жыл сайын 2 млн адам жазатайым оқиғадан қаза табады. Бұл статистикалық көрсеткіштен біздің елімізде қалыс қалмайтындығы анық. Өткен жылы облыс көлемінде 68 жазатайым оқиға тіркелсе. Өндіріс барысында қаза тапқандардың саны 8-ге жеткен. Жұмысшылардың құқығын қорғау үшін қызмет жасап жатырған кәсіподақ ұйымының өкілдері өндіріс барысында қарапайым делінген қауіпсіздік ережелері ескерілмей жатады. Алайда, бұның соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін деген пікірлерін ортаға салды.

Барша жұмыс берушілер 2016 жылы қабылданған еңбек кодексін сақтауы тиіс.Жұмысшылардың құқығының қорғалуын көздеген сала мамандары "Орал арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында" арнайы семинар жиын ұйымдастырды.

Жиында бас қосқан мамандар құқық қорғаушылар, кәсіподақ ұйымы өкілдерінен дәріс тыңдап, туындаған сұрақтарын мамандармен талқылап тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.