Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ КӨЛІК ОТАНДЫҚ ПА?

c 09:49, 30/10 c 34

0:00 / 0:00

Өнеркәсіп министрі Шарлапаевты тыңдасаңыз, елде отандық техника шығару қарқындап жатқан көрінеді. Отандық өндірушілер ас үй заттарын, шағын пештерді, кір жуғыш машиналарды және теледидар шығарып жатыр дейді ол. Тіпті министр Қазақстанда жасалған пеш сатып алыпты. Бірақ қай сауда орнында сатылатынын айта алмады.

Онлайн сауда жасауды терең меңгерген Шарлапаевтың меңзеп отырғаны Алматы тұрмыстық техника зауыты. Кәсіпорын келесі жылы 700 мыңға жуық техника шығармақшы. Сондай-ақ, ол елде отандық автокөлік өндіру де дамып жатыр деді. 9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылған. Енді елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру көзделіп отыр. Бұған инвестор тартып, зауыт салмақшы. Ендігі құрылыс жүріп жатқан зауыттар да бар. Олар қытайлық авто компаниялардың қатысуымен жүзеге асуда. Айтпақшы министр айтып отырған қазақстандық автокөліктер түгел шетелдік темірден құралған. Оның барлық сайманы дайын келіп, біздің елде тек жиналады. Отандық автокөліктер неге отандық темірден жасалмайды деген сұрақ қойылды. Қанат Шарлапаев ол үшін арнайы темірдің маркасын өндіруіміз қажет және металлопрокаттар болуы керек. Кейін ғана штампылау жасалады. Тек осындай жұмыстардан кейін ғана отандық көліктерді өз темірлерімізбен құрастырамыз деді. Тағы бір мәселе, Қазақстанда жиналған автокөліктерге жеңілдетілген несие беру мәселесі тұралап қалды. Бұған дейін болған 4 пайыздық автонесие енді оралмайтын сияқты. Ал бүгінде банктердің ұсынып отырған пайыз көлемі шарықтап кетті.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ӨР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ «Жеңілдетілген несиелеу бойынша ешкім ешқашан риза болмайды, бұл түсінікті. Өйткені адам көп, ақша аз. Автоөндірушілер де, қаржы нарығы да халыққа автокөлік сатып алудың түрлі жолын, соның ішінде лизингке алуды немесе бөліп төлеуді ұсынады. Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген ақшаға келетін болсақ, бұл өте дұрыс шешім болды деп есептеймін және бұл қаражат қалалардағы, облыстардағы және облыс орталықтарындағы қоғамдық көлікті дамытуға бағытталды».

Ал ауыл шаруашылығындағы техниканың 76%-ң тозығы жеткен.

Теміржол машинасын жасау секторын да дамыту қажет. Қазіргі таңда аталған салада техниканың тозу деңгейі 55%-ға жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.