Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда төбедегі мұз сүңгісі үстіне құлаған адам көз жұмды

c 18:49, 28/03/2018 c 1146

0:00 / 0:00

Орал қаласында үй шатырында жиналып, жаңбырдан соң алып мұзға айналған қар жерге құлап, өтіп бара жатқан адамды басып қалды. Қайғылы жағдай Достық даңғылы бойында, Киров аялдамасына таяу маңда тіркелді. Ауыр соққыдан егде жастағы ер адам ауруханаға жетпей қайтыс болды. Жедел жәрдем қызметіне бұл хабар сағат түскі 12лер шамасында түскен. Алайда жедел оқиға орнына жеткен дәрігерлер 70 жастағы қарияны ажалдан арашалап қалу мүмкін болмағанын айтады.

Денсаулық сақтау басқармасы төбеден құлаған алып мұз 70 жастағы ер адамның өмірін қиғанын мәлімдеді. Оның басына ауыр жарақат алып, мойын омыртқасы сынып, жедел жәрдеммен ауруханаға жетіп үлгерместен көз жұмған.

Төбелерден салбыраған алып мүз сүңгілері мен шатырда ұзақ жатқан қардан келетін қауіп артып отыр. Сол себепті ғимараттар жанынан өтерде жан-жағыңызға қарайлап, аяғыңызды абайлап баспасаңыз болмайды. Наурыз айында төбедегі сүңгілерден зардап шеккендер саны атып отыр.

Тұрғын үйлердің ғимаратындағы мұз сүңгілерін қағып, шатырды тазалаумен ПИК айналысады. Ал кәсіпорындар мен мекемелер жалға алған нысандардың жағдайына алаңдаушылық білдіргендер санаулы ғана.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.