0:00 / 0:00
Оралда ерлі - зайыпты Абдрахмановтардың ісіне алқа билер қатысып жатыр. Басты айыпты күйеу бала Рустам Давлетшин.Сот процесіне хирург Бахтияр Ташкенбаев қатысты. 67 жасар ауыр жарақат алған Ранил Абдрахмановтың өміріне араша болып,ауыр операция жасаған Ташкенбаев болатын. Дәрігердің айтуынша мұндай жарақаттан соң тірі қалуы екі-талай еді.
Хирург Бахтияр Ташкенбаевтың айтуынша,Ранил Абдрахманов ауруханаға ауыр жарақатпен түскен.Бытыралы қарудан атылған оқ,жапа шегуші Абдрахмановтың ішкі ағзасының барлық жеріне зақым келтірген.Бытыра оқтары :бауыр,асқазан ,көкбауыр сонымен қатар ұйқы безін жарып жіберіпті.Бірінші операция 6 сағатқа созылды.Алайда араға екі күн салып қайта операция жасау қажеті туындады.Өйткені,ағзаға түскен инфекция асқынып кеткенді.
Сот барысында айыпталушының досынан жауап алынды.Ол досының қылмыс жасағанын ұялы телефон арқылы мойындағанын жеткізді.
Заңгер Руслан Аминов алқа билерінің куәгер сөздеріне мұқият қарауын сұрады.
Келесі тыңдалым 29 тамызға ауыстырылды. Айта кетелік,10 мамырда Рустам Давлетшин суық қарудан баласының көзінше бұрынғы енесімен қайын атасын атып тастаған болатын.әйел адам сол жерде марқұм болса,қайын атасы кейін ауруханада көз жұмды.
Қылмыстың басты себебі,ерлі -зайыптылардың бала үшін жанжалы болуы мүмкін.
Мейірман Нұрманұлы