Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласындағы жаңа алаңға тұңғыш президенттің есімі берілуі мүмкін

c 17:58, 15/02/2018 c 2385

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұханғалиев мәлімдеді. Сонымен қатар, қаладағы Деркөл кенті мен Жұлдыз шағын ауданынындағы көшелерге жаңа атау беру мәселесі де мәслихат отырысында қаралған болатын.

Орал қаласындағы жаңа алаңның құрылысы 2014-жылы басталды. 2016-жылы салтанатты түрде қолданысқа беріліп, алаң түрлі мерекелік шаралар өткізуде таптырмас орынға айналды. Алаңның жалпы аумағы 7 гектарды құрайды. Бірнеше су бұрқақ, сәулет ескерткіштері мен тынығатын орындар орналасқан әсем алаңда бір мезетте 10 мыңдай адам сейіл құра алады. Алаң маңында Қадыр Мырза Әлі шығармашылық орталығы, Достық үйі, Неке сарайы және №2-ші сот орналасқан.

Қоғамдық тыңдау мен қалалық мәслихатындағы тыңдауда Деркөл кентінің "ПДП-1" бөлігіндегі 24 көшеге, "ПДП-2" бөлігіндегі 50 көшеге жаңа атау берілгелі отыр. Сонымен қатар, көпшілік бірауыздан 5-ші шағын ауданға Қадыр Мырза әлі есімін беруді құп көріпті.

Ал ремзауыт ауданындағы саябақты Чернобыль апатына қатысқан арадгерлер мен зардап шеккендердің құрметіне атау туралы ұсыныс жасалған. Қазіргі кезде аталмыш ұсыныстар ресми түрде бекітілу үшін қаралу үстінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.