Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік бадминтоншылар анықталды

c 11:23, 20/02/2018 c 1163

0:00 / 0:00

Орал қаласында бадминтон спорт түрінен республикалық чемпионат ұйымдастырылды. Айтулы спорт додасына еліміздің үздік деп танылған 16 спортшысы жолдама алған. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылды. Қорытындылай келгенде ерлер арасында үздік үштікті Оңтүстік Қазақстаннан келген спортшылар қанжығалапты.

Асқар Орманов
Жарыстың бас төрешісі
Бадминтоннан Қазақстан Чемпионаты 7 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бұл сайысқа он алты үздік деп таңылған спортшылар таңдалып алынды. Спортшылар екіге бөлінді. Жарыс қорытындысы бойынша, ер адамдар арасында Оңтүстік Қазақстанның спортшылар топ жарып отыр.

Айдана Бөгентаева бадминтон спортымен 9 жасынан бастап айналысып келеді. Бүгінде кейіпкеріміз сегіз үздік спортшының қатарында өнер көрсетіп жүр. Ол жыл сайын сайысқа қатысып жатқан спортшылардың деңгейі артып келеді деген ойда.
Батыс Қазақстан облысында бадминтон спорты 2002 жылдан бастау алған. Қазіргі таңда өңірде бұл спорт түрімен 100ге жуық спортшы айналысып жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.